
Жетісулық көпбалалы ана экотуризмді ауылда дамытып жатыр
ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Бүгінгі күні туризм саласы жақсы дамып келеді. Соның ішінде экотуризм танымал бола бастады, онда адамдар қоршаған ортаны сақтау үшін жайлы қонақүйлерден, автокөліктерден және өркениеттің басқа да артықшылықтарынан бас тартады. Қазақстанның экологиялық туризмін дамытуға үлес қосып жүрген қыз-келіншектер өте көп. Солардың бірі жетісулық Әсем Ауғанбаева, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтауға турист таситын чартерлік рейс қатынай бастады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақтауға турист таситын чартерлік рейс қатынап, алғашқы 100 жолаушыны жеткізген. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Хиуа ислам әлемінің 2024 жылғы туристік астанасы деп жарияланды
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Әзербайжан астанасында өткен Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының (ИЫҰ) XI сессиясында Хиуа қаласын ислам әлемі туризмінің 2024 жылғы астанасы деп жариялау туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Өзбекстанның Туризм және мәдени мұра министрлігіне сілтеме жасап.

Ислам елдерінің 2023 жылға рухани туризм орталығы таңдалды
АНКАРА. ҚазАқпарат – Түркияның Шанлыурфа қаласы ислам елдерінің 2023 жылғы туристік орталығы аталды. Бұл туралы Әзербайжанда өткен Ислам ынтымақтастығы ұйымына (ИЫҰ) қатысушы елдердің туризм министрлерінің 11-інші конференциясында белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Балық шаруашылығын дамытуға мемлекеттен қолдау қажет – Азамат Самаратов
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында екі мыңнан астам көл бар, осылайша өңір су қоймаларының саны жөнінен елімізде алдыңғы орындарда тұр. Алайда бұл көлдердің тек 501-і ғана балық шаруашылығын дамытуға жарамды. Солардың 318-і бүгінде кәсіпкерлерге жалға берілген. ҚазАқпарат тілшісі өңірдегі 8 көлді алып, балық шаруашылығымен айналысып жатқан кәсіпкер Азамат Самаратовпен сұхбаттасып, бұл істің мән-жайын білген еді.

Қазақстан туристері үшін Тянь-Шань таулы аймағында екі өткел ашылады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 1 шілдеден бастап тау туризмімен шұғылданатын қазақстандықтар үшін Қырғызстанмен шекаралас аймақта 2 өткел ашылады. Мұндай хабарлама Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жолаушы құқығы: әуе рейсі кешіктірілгенде қойылатын талаптар
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жазғы демалыс маусымы келіп, жолаушылардың жүріс-тұрысы көбейді. Қазақстанның ішкі рейстерінде де, шетел бағыттарында да саяхатшылар қатары қалың. Маусым басталғалы жүздеген туристің ұшақ күтіп, әуежайда сағаттап отырып қалған жағдайлары да болды. Осы орайда, ҚазАқпарат «Эйр Астана» компаниясына сілтеме жасай отырып, әуе рейсі кешіккен жолаушының қандай құқығы барын хабарлайды.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай