
Kazsat-2 байланыс спутнигі орбитада 4 мыңыншы айналымын жасады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның Кazsat-2 байланыс және хабар тарату спутнигі орбитада 4 мың тәуліктен астам уақыт жұмыс істеп келеді. Мұндай статистиканы «Ақкөл» ғарыш байланыс орталығының (ҒБО) инженерлері айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанда Қызыл кітаптың онлайн нұсқасы жасалады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында елдегі сирек кездесетін және құрып бара жатқан жануарларды сақтау жөніндегі Үкімет жоспары туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандағы екі ұялы байланыс компаниясы бағаны негізсіз өсірді деп тергеліп жатыр
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 17 маусымда Алматы қаласы бойынша монополияға қарсы департаменті «Кселл» АҚ мен «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-ға қатысты монополиялық жоғары баға белгілеу бойынша тергеу бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Huawei өкілі Қазақстанның Каспий аймағында оптикалық талшық тартуды ұсынды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кешеден бері елордада өтіп жатқан «ASTANA FINANCE DAYS 2022» конференциясының екінші күніндегі панельдік сессияда Huawei компаниясының Еуразиядағы президенті Дэниел Чжоу мен «Huawei Technologies Kazakhstan» компаниясының бас директоры Чжао Сюй экономиканы цифрландыру және 5G технологиясын Қазақстанға әкелу мүмкіндіктері туралы пайымын ортаға салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қағаз басылымдардың дәуірі өтіп барады, заман талабына бейімделу қажет - ардагер журналист
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ғылым мен техниканың шарықтап дамуы қоғамымызды адам танымастай етіп өзгертіп жіберді. Интернеттің барша адамдарға қолжетімді болуы газет-журнал сияқты дәстүрлі ақпарат құралдарын ғана емес, теледидарды да ақырындап ығыстырып, интернет ресурстарын бірінші орынға шығаруда. Жастардың арасында газет-журнал оқымайтын, теледидар қарамайтындар бар. Яғни, олардың бәрі ақпаратты интернеттен алады деген сөз. Қоғамымызда болып жатқан осындай өзгерістерге байланысты бұқаралық ақпарат құралдарының болашағы қандай болмақ деген мәселе төңірегінде ардагер журналист Қалкөз Жүсіпті әңгімеге тартқан едік.

SpaceX Грузияда Starlink спутниктік интернетін іске қосуды жоспарлап отыр
ТБИЛИСИ. ҚазАқпарат – SpaceX компаниясы Грузияда Starlink спутниктік интернет қызметін іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл туралы елдің Коммуникация жөніндегі ұлттық кеңесі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Newsgeorgia-ға сілтеме жасап.

«Цифрлық Қазақстан» аясында миллиондардың игерілмегенін көріп отырмыз – Арман Абдрасилов
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы, кибершабуыл, елдегі ІТ саланың ілгерілеуі, кадр мәселесі, E-gov порталының қызмет көрсетуі, осы бағыттағы басқа да өзекті тақырыптар осы саланың маманы, «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ басқарма төрағасы Арман Абдрасиловпен әңгіме барысында сөз болды.

Қазақстандықтар интернет-саудаға қатысты 772 шағым түсірген
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сауда және интеграция министрлігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Серік Құсайынов қазақстандықтардан электрондық сауда бойынша қандай арыз-шағымдар жиі түсетінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан интернет трафикті көп пайдаланатын ТОП-15 елдің қатарына кірді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда мобильді интернет-трафик пайдалану Түркия, Сингапур, Италия, Белгия және өзге де көптеген елдерге қарағанда біршама жоғары. Соған қарамастан қазақстандықтар үшін интернет бағасы төмендеп келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

TikTok креативті қазақстандықтарға қолдау көрсетеді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – TikTok елімізде креативті идеялары бар таланттарды оқыту мен дамытуға бағытталған бағдарламасын жариялады. Бұл туралы Шығыс Еуропа мен Азиядағы TikTok PR-директоры Кристина Еремеева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ауылдардың 40 пайызында байланыс сапасы төмен
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде соңғы 1,5 жыл ішінде 968 ауылдық елді мекенде байланыс сапасына тексеру жүргізілді. Аталған ауылдар барлық мобильді оператор желісіне қосылу бойынша «250+» бағдарламасына кіреді. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Ержан Мейрамов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

TikTok пен YouTube көретіндер үшін тарифті көтеру ұсынылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда байланыс құны әлемдегі ең төмен төлемдердің бірі саналады. Нарық ережелеріне сай ол біршама жоғары болуы тиіс. Мұндай пікірді ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте 5G қашан қосылады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы жыл соңына дейін республикалық маңызы бар қалаларда 5G пайда болады. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі телекоммуникация комитеті төрағасының орынбасары Зүлфия Құдайбергенова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай