
Жаңа белес: Қазақстан мен Қырғызстан басшылары қандай келісімге келді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл Қазақстан мен Қырғызстан елдерінің дипломатиялық қатынас орнатқанына 30 жыл толып отыр. Ширек ғасырдан астам уақыт бойы қос мемлекет барлық салада өзара байланысты нығайтуға баса назар аударып келеді. Әсіресе, экономика, мәдениет, инвестиция саласындағы ынтымақтастық жыл өткен сайын артып жатыр. Мәселен, былтыр екі ел арасындағы тауар айналымы 1 миллиард долларды құрады. Ендігі мақсат – тауар айналымын 2 миллиард долларға дейін жеткізу болып отыр.

Шенеуніктердің әрекеті үшін балалар жазаланбауы керек – Аружан Саин тегін үйірме туралы
НҰР-СҰЛТАН. ҚАЗАҚПАРАТ – ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин тегін үйірмелер мен секциялардағы жалған тізімдер туралы пікір білдірді және мемлекеттік органдарды мәселені бірлесіп шешуге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістанда «Қорқыт туралы аңыз» пластикалық спектаклінің премьерасы өтті
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Театр өнерінің туындысын тамашалауға еліміздің түкпір-түкпірінен өнер және мәдениет майталмандары, зиялы қауым өкілдері және Түркістан қаласының өнерсүйер қауымы қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Паралимпиадашы» фильмінің кассасы 44 млн теңгеге жетті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Осыдан бір ай бұрын көрерменге жол жартқан «Паралимпидашы» фильмінің кассасы 44 млн теңгеге жетті. Парашаңғышы Александр Колядиннің жеңіс жолын суреттейтін фильмді режиссер Алдияр Байрақымов түсірген еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық киноны қолдау орталығы режиссерлердің сынына жауап берді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Күні кеше мұхиттың ар жағынан ақжолтай хабар жетті. Отандасымыз Әділхан Ержанов түсірген «Штурм» фильмі Лос Анджелесте өткен LA Asian Pacific Film Festival кинофестивалінде Гран-при жүлдесін жеңіп алды. Дәл осы туынды таяуда Францияда өткен кинофестивальде де бас жүлдені қанжығасына байлаған еді. Демек, Қазақстан кинематографистерінің әлем назар аударуға қауқары толық жетеді деген сөз. Алайда, сүбелі жаңа туынды түсіру үшін қомақты қаражаттың мемлекет тарапынан да қажет екендігі сөзсіз.
Ұлы Жібек жолындағы трансшекаралық бағдар – әлеуетті бағыттың бірі - Дәурен Абаев
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Ұлы Жібек жолының трансшекаралық туристік бағдарын ілгерілету – ынтымақтастықтағы әлеуетті бағыттардың бірі. Бұл туралы Ташкентте өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің туристік әкімшіліктері басшыларының кездесуінде ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай