
Қағаз басылымдардың дәуірі өтіп барады, заман талабына бейімделу қажет - ардагер журналист
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ғылым мен техниканың шарықтап дамуы қоғамымызды адам танымастай етіп өзгертіп жіберді. Интернеттің барша адамдарға қолжетімді болуы газет-журнал сияқты дәстүрлі ақпарат құралдарын ғана емес, теледидарды да ақырындап ығыстырып, интернет ресурстарын бірінші орынға шығаруда. Жастардың арасында газет-журнал оқымайтын, теледидар қарамайтындар бар. Яғни, олардың бәрі ақпаратты интернеттен алады деген сөз. Қоғамымызда болып жатқан осындай өзгерістерге байланысты бұқаралық ақпарат құралдарының болашағы қандай болмақ деген мәселе төңірегінде ардагер журналист Қалкөз Жүсіпті әңгімеге тартқан едік.

Журналистика саласы жаһандық деңгейде үлкен тоқыраудан өтіп жатыр - Жайнагүл Төлеміс
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қоғамдық пікір қалыптастырып, билік пен қоғам арасындағы алтын көпірге айналған БАҚ-тың медиа кеңістікте ғана емес, өркениет көшіне бет алған даму тіршілігімізде де ерекше орын алатынын ешкім теріске шығара қоймас. Осыған орай, еліміздегі БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты, АҚШ-тағы Джордж Вашингтон университетінің түлегі, медиа және саяси стратегиялық коммуникация маманы Жайнагүл Төлеміспен отандық және әлемдік журналистиканың проблемалары, саяси тұлғалардың қоғаммен, журналистермен қарым-қатынас жасауы, медиа мамандарын даярлаудағы кемшіліктер, журналистерге статус беру, сонымен қоса журналистерді марапаттауға қатысты мәселелер төңірегінде сұхбаттасуды жөн санадық.

Асқар Омаров Үкімет жұмысына жұртшылық пен БАҚ сынының себептерін атады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекеттік органдардың жұмысын БАҚ-та кеңінен түсіндіруге арналған тақырыптар бойынша ақпараттар аз беріледі. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2023 жылға дейін 6 өңір цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2023 жылға дейін 6 өңір цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға толық көшіріледі. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Асқар Омаров: БАҚ саласының кадрлық әлеуетін арттыруға ерекше көңіл бөлеміз
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бұқаралық ақпарат құралдарының кадрлық әлеуетін арттыруға ерекше көңіл бөледі. Бұл туралы Үкімет отырысында аталған ведомствоның басшысы Асқар Омаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан сериалдарын Сингапур, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан сынды елдер сатып алды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 5 жылда мемлекеттің қолдауымен 250-ге жуық сериал түсірілді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Президенттің Іс басқарушысы ТРК қызметкерлерін журналистер күнімен құттықтады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Іс басқармасының басшысы Айбек Дәдебаев Қазақстан журналистерінің кәсіби мерекесі - бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында Президент телерадиокешенінің қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай