
Референдум нәтижесінде Президент өкілеттігіне бірқатар шектеу енгізіледі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Әділет вице-министрі Алма Мұқанова 5 маусымда өтетін референдум нәтижесі бойынша оң шешім қабылданған жағдайда ҚР Президентінің өкілеттігіне бірқатар шектеу қойылатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда зейнеткерді соққыға жыққан ер адам ұсталды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Әлеуметтік желіде егде жастағы әйелді соққыға жыққан ер адам туралы видео тараған болатын. Алматы қаласы Алатау ауданының прокуратурасы күдікті ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілгенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанда 1200 кәсіпорын 1 млн астам жұмысшының айлығын көтерді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мұнайға қызмет көрсетуші кәсіпорындардағы еңбекақы көлемінің теңсіздігін азайту үшін «Самұрық-Қазынаның» тендеріне қатысушылар үшін бағаны түсіру шегі 15 пайыз болып белгіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Адам өліміне себепкер болған жауапсыз жұмыс берушілер 7 жылға дейін сотталуы мүмкін
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –ҚР Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде адам өліміне себепкер болған жауапсыз жұмыс берушілер қандай жаза арқалайтынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ресей БҰҰ жанындағы Адам құқықтары жөніндегі кеңеске дауыс беру құқынан айырылды
НЬЮ-ЙОРК. ТАСС-ҚазАқпарат - БҰҰ Бас Ассамблеясы бейсенбі күні Украинадағы ахуалға байланысты өткен арнайы сессия барысында Ресейдің Адам құқықтары жөніндегі кеңеске мүшелігін тоқтату туралы резолюцияны қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Құқық қорғау заңнамасын ЭЫДҰ елдерінің стандарттарына сәйкес келтіру маңызды - сарапшылар
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 31 наурызда Игорь Роговтың төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметінде адам құқықтарын сақтаудың өзекті мәселелеріне арналған отырысы болып өтті.

Сот арқылы банкроттық рәсімдеген азаматтардың мүлкі қалай қорғалады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Борышын өтей алмағаны үшін сот арқылы банкроттық рәсімдеген азаматтар әрбір әрекетін қаржылық басқарушылардың нұсқауымен жасайды. Тұлғалардың банкроттығын реттетйін заң жобасын таныстырған Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Миятов аталған процедураның ерекшеліктеріне тоқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көптеген процестік әрекеттер әлі күнге дейін қолмен жасалады - Балайым Кесебаева
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сот актілерін орындау жүйесінің дамуын тежейтін басты фактор - автоматтандырудың жеткіліксіздігі. Бұл туралы Мәжіліс төрағасының орынбасары Балайым Кесебаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай