
Батыс Қазақстанға Еділ суын алуға қосымша қаражат қарастырылады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ресей Федерациясынан Батыс Қазақстан облысына 131 млн текше метр Еділ суын алуға қосымша 3,5 млрд теңге қаражат бөлу мәселесі 2021 жылға арналған республикалық бюджетті бірінші нақтылау кезінде қарастырылады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің сенаторлардың депутаттық сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы автопарктері 400-ге жуық экологиялық автобус сатып алмақ
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен жолаушылар тасымалы саласын дамыту жөніндегі кеңесте қоғамдық көлікті жаңарту, кадр тапшылығын шешу және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мәселелері қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Италиялық компания Түркістан облысында күн электр стансасының құрылысын бастады
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында орналасқан күн электр стансасы – еліміздегі күн энергетикасы секторындағы «Eni» халықаралық энергетикалық компаниясының алғашқы ірі инвестициясы, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан әуежайына барар жол бойына қара өрік отырғызылды
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан әуежайына барар жолдың бойы бау-бақшаға айналып, 400 гектар аумаққа 200 мың түп қара өрік көшеттері отырғызылды. Заманауи бау-бақша израильдік озық технологиясы бойынша тамшылатып суару жүйесімен жабдықталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысы: Экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі жол картасына өзгеріс енгізіледі
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда «Nur Otan» партиясы Ақмола өңірлік филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің бірлескен отырысы өтті. Оның қорытындысы бойынша Ақмола облысындағы экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған міндеттерді орындау бойынша Жол картасын қайта қарау және өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай