
Еліміздегі зейнетақы шоттарында 12 трлн теңге жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2022 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 12,8 трлн теңге жинақталды. Бұл туралы аталған қордың баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еңбек министрлігі әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендетуге қатысты ұсыныс даярлады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендету ұсынысы бойынша министрлік деңгейінде талқылау болды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова зейнет жасын төмендету туралы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еңбек министрлігі әйелдердің зейнет жасын төмендету туралы ақпарат жалған екенін хабарлады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылып жатқан ҚР Президентінің Жарлығымен 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап әйелдердің зейнетке шығу жасы 58 жасқа дейін төмендетілетіні туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы ҚазАқпарат Еңбек министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанда зейнеткерлер саны 2 млн 246 мыңнан асты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 1 маусымдағы жағдай бойынша қазақстандықтарға 1,2 трлн теңгеден астам зейнетақы төленді. Биыл мамырда республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 235,4 млрд теңгеден астам, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 71,3 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыға – 163,2 млрд теңге бөлінді, демп хабарлайды ҚазАқпарат.

БЖЗҚ-дағы мемлекеттік құнды қағаздар үлесі 40 пайызды құрайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық мүмкіндігі халықтың зейнетақы жинағының бір бөлігін шешіп алуына байланысты біршама шектелген. Бұл жайында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың Мәжіліс депутаттары сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әскерилердің зейнетке шығу жасын 5 жылға созуға болады - министрлік
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңға енгізілген өзгерістерге орай, әскери қызметшілердің зейнетке шығу жасын 5 жылға созуға болады. Бұл туралы онлайн-брифингіде Қорғаныс министрлігі Зейнетақымен қамсыздандыру орталығының бастығы полковник Қайыржан Бимолдин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай