
1 наурыздан бастап мерзімді әскери қызметке шақыру басталады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 13 мыңнан астам 18-27 жас аралығындағы мерзімді қызметтегі әскери қызметші көктемгі шақыру кезінде еліміздің Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қатарын толықтырады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өмір жолын Отанға қызмет етуге арнаған генерал
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасу бастауында тұрған, тарихта айтарлықтай із қалтырған көрнекті отандастарымызды еске алу орынды. Осы ретте әскери және қоғам қайраткері, Екінші дүниежүзілік соғыс қатысушысы, қазақтың алғашқы генералдарының бірі Баһадүрбек Байтасовты атап өтуге болады. Биыл ол 100-ге келер еді.

Әскерилер коронавирусқа қарсы екпе алу қажеттілігін қолдайды - Нұрлан Ермекбаев
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қарулы күштерінде вакциналау жүргізу үшін жеке құрамның басым санаттары айқындалып, оны алу кезектілігі жоспарланды. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанда шығарылған «Шағала» пилотсыз ұшу аппараты полигонда сынақтан өткізілуде
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада «Шағала» атты пилотсыз авиациялық-барлау кешені сынақтан өткізілді. Ұшқышсыз ұшу аппаратты ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің әскери ғалымдары жасаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Қарулы Күштерінің 15 мыңнан астам офицері аттестаттаудан өтеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қарулы Күштердегі қызметін жан-жақты бағалау, оны ұтымды пайдалану мен кәсіби әлеуетін дамыту үшін 15 мыңнан астам офицер қажетті аттестаттаудан өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент мерзімді әскери қызметке шақыру туралы кезекті Жарлыққа қол қойды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті әскери қызметшілерді запасқа шығару және ҚР азаматтарын 2021 жылдың наурыз–шілдесінде және қыркүйек–желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы жарлыққа қол қойды. «ҚазАқпарат» ХАА оқырман назарына құжат мәтінін ұсынады,

Алматыда жастарды әскер қатарына есепке қою жұмыстары жүргізіліп жатыр
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 17 жасқа толған жастарды әскерге шақырту учаскесіне тіркеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Алматы қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысының орынбасары Фархат Құрманғажинов онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордада 700-ден астам гвардияшы әскери ант қабылдады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 30 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінде Қазақстанның барлық өңірлерінен қызмет етуге келген сарбаздардың салтанатты түрде әскери ант қабылдау рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық гвардиясына сілтеме жасап.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай