
Жыл соңына дейін 1, 9 млрд адам азық-түлік қауіпсіздігі мәселесіне тап болады – Astana Finance Days
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Азық-түлікті жеткізу тізбегіндегі проблемалар пандемия кезінде басталды және Ресей мен Украина қақтығысында айтарлықтай нашарлай түсті. Бұл туралы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) Іскерлік кеңесінің 5-ші пленарлық отырысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қанттың орташа бағасы шамамен 480-490 теңге болуы тиіс – Үкімет басшысы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазіргі сұранысқа байланысты жеке кәсіпкерлер қант бағасын қолдан көтеріп отыр. Үкіметтің цифрлық кеңсесінде өткен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру жөніндегі кеңесте Әлихан Смайылов мәселені реттеуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Премьер-Министрдің ресми сайтына сілтеме жасап.

Азық-түлік неге қымбаттап жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ресей мен Украина арасындағы геосаяси жағдай әлемдік азық-түлік қауіпсіздігіне, энергетика және қаржы саласына айтарлықтай кері әcер етіп отыр. Бұған дейін мамандар көрші елдердегі жайттарға байланысты әлемде аштық болуы мүмкін екенін айтқан еді. Дүниежүзілік Азық-түлік бағдарламасының бағалауынша, зардап шегетін адамдар саны пандемияға дейінгі 135 миллионнан соңғы екі жыл ішінде 276 миллионға дейін жетіп, екі есеге өскен. Бірақ өкінішке қарай, Украинадағы жағдайдың салдарынан бұл сан 2022 жылы 323 миллионға дейін артуы мүмкін екені болжанып отыр. Осыдан-ақ жағдайдың әлемдік деңгейде ушығып кеткенін көруге болады.

Азық-түлікті жеткізу желісі бұзыла берсе, әлемде миллиондаған адамның өміріне қауіп төнеді - Тоқаев
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі жоғары деңгейлі диалогына қатыса отырып, соңғы бірнеше айда әлемде азық-түлік мәселесіне қатысты жағдай күрделеніп кеткенін, егер азық-түлік жеткізу желісінің бұзылуы жалғаса берсе, миллиондаған адамның өміріне қауіп төнетінін айтты.

Министр Ресейдің қантты шектеуі туралы: Бізге соңғы сәтте ғана айтты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары–Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов неге шет мемлекеттермен қант саудасы бойынша аяқ астынан мәмілерлер жасауға мәжбүр болып жүргенін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай