
ДДСҰ құс тұмауының адамға жұғу фактісін растады
ЖЕНЕВА. ҚазАқпарат - 2021 жылдың 26 ақпаны күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау Ресейде адамның H5N8 вирусын жұқтырудың әлемдегі алғашқы оқиғасы тіркелгенін растады. Бұған дейін вирус тек құстар арасында ғана таралған еді. Вирусты елдің оңтүстік өңірлерінің біріндегі құс фабрикасында жұмыс істейтін 7 қызметкер жұқтырып алған. Вирус індетке шалдыққандардан одан әрі тарамаған, бұл оның адамнан адамға жұқпайтынын куәландырады. ҚазАқпарат бұл туралы БҰҰ жаңалықтары сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Илон Маск бір тәулікте 14 млрд-қа жуық доллардан айырылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өткен тәулікте Америка кәсіпкері Илон Маск Tesla акцияларының төмендеуі салдарынан 14 млрд-қа жуық долларынан айырылды. Бұл туралы ҚазАқпарат Bloomberg Billionaires Index (BBI) сауда және индекс мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлайды.

Грекия мен Австрия ЕО елдеріне «вакцина паспортын» енгізуді ұсынды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Грекия мен Австрия Еуропа Одағының басқа мемлекеттерін Еуропаның туристік индустриясын жандандыруға көмектесетін коронавирус вакцинасының «паспортын» қабылдауға шақырады. Мұндай құжаттың, яғни сертификаттың мақсаты – вакцина алған адамдарға ЕО-да еркін саяхаттауға мүмкіндік беру, деп жазады ҚазАқпарат BBC сайтына сілтеме жасап.

Нью-Йоркте коронавирустың жаңа түрі анықталды
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат – Калифорния технологиялық институты мен Колумбия университеті ғалымдарының пікірінше, коронавирус инфекциясының жаңа нұсқасында кездесетін мутация оған иммундық жүйенің әсерін сезінбеуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат The New York Times-қа сілтеме жасап.

Facebook ақпарат индустриясын қолдауға 1 млрд доллар инвестицияламақ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Американың Facebook компаниясы алдағы үш жылда ақпарат индустриясын қолдау үшін 1 млрд доллар қаржыны инвестициялауды жоспарлап отыр. Бұл туралы компанияның жаһандық саясат және коммуникациялар жөніндегі вице-президенті Ник Клегтің сәрсенбі күні жариялаған блоктағы мәлімдемесінен белгілі болды, деп жазады ТАСС.

Үндістан мен Пәкістан оқ атуды тоқтату туралы келісімге келді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Үндістан мен Пәкістан әскерилері Кашмирдегі даулы шекара бойында оқ атуды тоқтатуға келісті. Бұл туралы Үндістан және Пәкістан әскери операциялары Бас штабтарының бірлескен мәлімдемесінде айтылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Оңтүстік Корея шошқаның африкалық обасына қарсы күресті күшейтті
СЕУЛ. YONHAP-ҚазАқпарат – Оңтүстік Корея бейсенбіде Кореяның шекаралас аудандарында шошқаның африкалық обасына (ШАО) қарсы күреске, жабайы қабандарды аулауға дайын екенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат YONHAP агенттігіне сілтеме жасап.

Коронавирус бойынша әлемдегі жағдай
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың әлемде таралу қарқыны төмендеп жатқанын, алайда індеттің жаңа штамдарының пайда болуы алаңдаушылық туғызып отырғанын мәлімдеді. Сәрсенбіде Covax халықаралық бағдарламасы іске қосылды, оның аясында ең кедей мемлекеттер вакцина ала бастайды. Сонымен бір мезетте Грузия туристердің кіруіне шектеулер мен басқа да карантин шектеулерін алып тастауда. Әлемдегі осы және өзге де жаңалықтар жөнінде ҚазАқпарат BBC сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Оңтүстік Кореяда рекордтық ең төменгі туу көрсеткіші тіркелді
СЕУЛ. YONHAP - ҚазАқпарат - Оңтүстік Корея былтыр ел тұрғындарының азайғандығы туралы мәлім етті. Бұған ел халқының тез қартаюы мен туу көрсеткішінің рекордтық төмен деңгейі себеп болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат YONHAP ақпарттық агенттігіне сілтеме жасап.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай