
Еліміздегі 3500-ден астам ауыл жаңғыртылмақ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Айналасындағы елді мекендердің тірегі саналатын әрбір ауылға баратын жолдар мен республикалық маңызы бар күре жолдар 100 пайыз жөнделеді. Бұл туралы бүгін жетінші шақырылған ҚР Парламентінің бірінші сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Талғат Қалиев: Аймақтардағы проблемалардың шешімін мәслихаттардан талап ету керек
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Аймақтардағы проблемалардың шешімін мәслихаттардан талап ету керек. Сайлау қорытындысы жайлы «Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты» ЖШС директоры Талғат Қалиев осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ауыл шаруашылығын цифрландырудың мүмкіндіктері қандай
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауыл шаруашылығы министрлігі мәліметінше, 2020 жылдың 11 айында 8 құс фабрикасы, сондай-ақ үйрек пен қаз өсіретін екі ферма іске қосылды. Былтыр сүт өндіру бағытында 13 мың бас малды қамтитын 18 сүт-тауарлы ферма пайдалануға берілді. Мұнымен қоса, 3,2 мың бас малы бар 30 отбасылық сүт-тауарлы ферма жұмысын бастады.

Пандемияға қарамастан Қазақстанда егіс алқаптарының көлемі артты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -2020 жылы егін егу науқаны коронавирус салдарынан күрделі жағдайда өткені белгілі. Осыған қарамастан, төтенше жағдай кезінде саладағы жұмыстарды сапалы әрі уақытылы ұйымдастыру үшін тиісті шаралар қабылданды. Бұл өз кезегінде елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысында өте маңызды болды.

Қазақстанда өткен жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі өсті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылы ауыл шаруашылығында айтарлықтай өсім байқалып отыр. 11 айдың қорытындысы бойынша бұл саладағы жалпы өнім көлемі 5,9 трлн теңгеге жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,3 пайызға артты. Жалпы ауыл шаруашылығына салынған инвестиция 4,7 пайызға артып, 454,2 млрд теңгеге жетті. Оның ішінде азық-түлік өндірісіне салынған инвестиция көлемі 18,6 пайызға жоғарылады.

Қостанай облысында екі сүт фермасы іске қосылды
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің тапсырмасы бойынша Қостанай облысында екі сүт-тауарлы ферма жұмысын бастады. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен аппарат жиынында Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Тимур Бисимбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еңбек» бағдарламасы: Қостанайда 700-ге жуық жұмыс орны ашылды
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 700-ге жуық жұмыс орны ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Тимур Бисимбаевқа сілтеме жасап.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай