
Қазақстандықтар жеке басына қатысты қате мәліметтерді eGov-та онлайн түзете алады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар жеке басына қатысты қате мәліметтерді eGov арқылы онлайн түзету мүмкіндігіне ие болады. Бұл туралы ҚР ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Былтыр байланыс операторларына 132 млн теңге айыппұл салынды - Мусин
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өткен жылы қызмет көрсету сапасы нашар байланыс операторларына 132 млн теңге айыппұл салынды. Бұл туралы ҚР ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазгеоақпарат және Қазгеология мекемелері біріктіріледі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгеоақпарат» және «Қазгеология» мекемелерін біріктіру арқылы Ұлттық геологиялық қызмет құрылады. Бұл жайында «Қазгеоақпарат» республикалық геологиялық ақпарат орталығы» ЖШС бас директоры Жанат Кәрібаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерін 5 мың км суасты кабелі байланыстыратын болады
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - 2024 жылға қарай Қытайды Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен байланыстыратын ұзындығы 5 мың шақырымдық суасты кабельдер жүйесі пайдалануға берілмек. Бұл туралы мегажоба серіктестерінің бірі болған қытайлық CMI телекоммуникация компаниясының мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандықтар шомылуға болатын орындарды мобильді қосымша арқылы біле алады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ендігі уақытта қазақстандықтар шомылуға рұқсат берілген немесе тыйым салынған су айдындары туралы мәліметті мобильді қосымшаның көмегімен анықтай алады. Бұл туралы ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазғарыш Ташкенттегі ғарыш технологиялары бірінші өңірлік конференциясына қатысып жатыр
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Ташкентте 10-12 мамыр аралығында Орталық Еуразия өңірінде Space Technology Conference (SТC 2022) ғарыш технологиялары бойынша бірінші конференция өтіп жатыр. Оған ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің аэроғарыш комитеті (АҒК), Қазғарыш кәсіпорын басшылары, ғарыш саласының мамандары кіретін Қазақстан делегациясы қатысып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақтелеком шағын операторлардан табысының жартысын беруді талап етіп отырған – министр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрі Бағдат Мусин Мәжілістің баспасөз алаңында БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап бере отырып, «Қазақтелеком» мен «Транстелеком» компаниялары шағын операторлардың жұмысын қалай қиындатқанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жеке деректермен жұмыс істейтін ақпараттық жүйелерге қойылатын талап күшейеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрі Бағдат Мусин Мәжілісте жеке деректермен жұмыс істейтін ақпараттық жүйелерге қойылатын талаптар күшейтілетінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Kazsat спутниктері еліміздің ақпараттық қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етуде
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Kazsat» ұлттық спутниктік байланыс және хабар тарату жүйесінің маңызды міндеттерінің бірі – еліміздің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бұл әсіресе Қазақстанда қаралы қаңтар күндерінде айқын көрінді.

Алматыда 2 515 адам мүгедектікті үйден шықпай рәсімдеді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Мүгедектікті сырттай белгілеу жобасы Алматыда былтыр қараша айында іске қосылды. 12 ауру бойынша сырттай куәландыру қызметін азаматтар елдің басқа өңірлерінде де пайдалана алады. Бұл туралы брифинг барысында Алматы қаласы бойынша еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаменті басшысының орынбасары Гүлнар Құсманова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанда балаларға ұшақпен тегін ұшуға мүмкіндік беретін бағдарламаға сұраныс болмай отыр
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстанда отбасылық туризмге арналған жаңа Kids Go Free бағдарламасы әлі сұранысқа ие емес. Себебі, елімізде туристік маусым әлі басталған жоқ. Kazakh Tourism компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Сәдуақасов алғашқы нәтижелер жаздың ортасында шығарылатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай