
Көкшетауда ҚР Халық артісі Жібек Бағысова туралы кітап таныстырылды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда ҚР Халық артісі, «Парасат» орденінің иегері, Көкшетау қаласының Құрметті азаматы, Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрының актрисасы Жібек Есекеқызы Бағысова туралы «Өмірлік өнер мектебім» атты кітаптың тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елімізде балалардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру тұжырымдамасы әзірленді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында арнайы тұжырымдама дайындалды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Нұрғиса Дәуешов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Президентімен кездесуде Абай мен Мағжанның сөздерін келтірді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровпен кеңейтілген құрамдағы келіссөздер өткізді. Онда Қазақстан Президенті қазақ пен қырғыз байланысының тамыры тереңде екенін айта келіп, ұлы Абай мен Мағжан Жұмабаевтың сөздерін тілге тиек етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мақпал Мыса: «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы болғанда әдебиет үшін қуандым
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ол – ақын. Қазіргі уақытта мәжіліс депутаты. ҚазАқпарат тілшісі Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі, «Алақандағы бақыт», «Мен керекпін» және «Аспантаудың көктемі», «Шоған Абыз» атты кітаптардың авторы, алғаш рет «100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздары қатарынан табылған әдебиет саласындағы үздік жас Мақпал Мысамен сұхбаттасты.

Ақын Күләш Ахметованың бес томдық шығармалар жинағының тұсауы кесілді
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев белгілі ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Күләш Ахметованың шаңырағында болып, жақында жарық көрген ақынның бес томдық жинағының тұсауын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Таразда жыр алыбы Жамбылға арналған республикалық айтыс мәресіне жетті
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз қаласындағы «Баласағұн» концерт залында өткен жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған «Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым» атты республикалық айтыс мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбылдың 175 жылдық мерейтойын өткізу жөніндегі мемкомиссияның алғашқы отырысы өтті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның алғашқы отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Жоғала жаздаған жәдігерлер ұлтпен қайта қауышты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 25 ақпанда Ұлттық академиялық кітапханада «Аманат» Қазақ күйлері антологиясы»/«Антология казахского кюя «Аманат»/Amanat Anthology of Kazakh kyui» атты қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі жинақтың тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түркістанда «Саттар Ерубаев» атындағы шығармашыл жастарды қолдау қоры ашылды
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан қаласында «Саттар Ерубаев» атындағы шығармашыл жастарды қолдау қоры ашылды. Аталған қор жылына бір рет республикамыздағы ең үздік шығармашыл жастардың Түркістан өлкесінде басын қосып, шығармашыл жастарды марапаттайтын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркияда қазақтың тұлғаларын насихаттағандар ҚР Президентінің алғыс хатымен марапатталды
АНКАРА. қазАқпарат – «Абай, Әл-Фараби және Жамбыл» - осындай атаумен Анкарада белгілі тұлғалардың рухани мұрасы мен туындыларын насихаттауға арналған жиын өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан мектептері арасында Жамбыл оқулары өтті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы аясында №4 мектеп-гимназияда дәстүрлі Жамбыл оқуларын өткізді. ҚазАқпарат бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай