
Қазақстан мен Ресей арасында тауар айналымы 25 млрд долларға жетті – ҚР Президенті
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Мәскеуде өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) мерейтойлық саммитінен кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесу өткізді. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Автоөнеркәсіптің жергілікті қамту деңгейі 33 пайызға жетті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде автоөнеркәсіптің жергілікті қамту деңгейі 33 пайызға жетіп отыр. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриалдық даму комитеті төрағасының орынбасары Олжас Сапарбеков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Металл экспортына тыйым салу шығынға батырып, жұмыссыздыққа әкеледі – кәсіпкерлер
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қара және түсті металл сынықтары мен қалдықтарын экспортқа шығаруға тыйым салуды Қазақстан ғана қолданып отырған жоқ. Мұндай шектеу ішкі нарықтағы аталған металдардан өнім шығаратын металлургиялық зауыттарды қажетті шикізат тапшылығын болдырмау үшін Еуразиялық экономикалық одақ құрамына кіретін Ресей де, Беларусь та, Қырғызстан мен Армения да талай жылдан бері қолданып келеді. Оған одақ аясында қабылданған ресми құжаттар мүмкіндік береді.

Отандық көліктің қымбаттауына сырттан келетін қосалқы бөлшектер себеп болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда құрастырылған жеңіл көлік бағасының қымбаттауына шетелден келетін қосалқы бөлшектер себеп болып отыр. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Отандық биопрепарат өндірушілерге салықтық жеңілдіктер беру керек – Күнсұлу Закарья
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Отандық биопрепарат өндірушілер үшін салықтық жеңілдіктер беру керек. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысының агротехникасы көктемгі егіске дайын
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Биыл Ақмола облысының диқандары 5,1 миллион гектар жерге тұқым себуді жоспарлап отыр. Осы ретте аймақта науқанды белгіленген кестеге сай жүргізу үшін ауыл шаруашылығы техникаларының дайындығына көңіл бөлінуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанның Қытаймен тауар айналымы бір жылда 1,5 еседен астамға өсті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Осы жылдың қаңтар айында Қазақстанның Қытаймен тауар айналымы 1,4 млрд АҚШ долларына жетті. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 53,4% артық. ҚР тауар айналымы құрылымындағы Қытайдың үлесі 16,1% құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстанда екі айда 133,6 млрд теңгенің көлігі құрастырылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық көлік құрастырушы кәсіпорындар қаңтар, ақпан айларында 133,6 млрд теңгенің өнімін шығарған. Бұл туралы Finprom.kz ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың мәліметіне сүйеніп ақпарат таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағандыда экспорттаушы кәсіпорындармен жұмыс істеу үшін жедел штаб құрылды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында әлемдегі ахуалға байланысты экспорттаушы кәсіпорындармен жұмыс істеу үшін жедел штаб іске қосылды. Оны өңір әкімінің орынбасары Ермек Алпысов басқарады. Барлық туындаған мәселелер жедел режимде шешіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан экспорттаушыларына логистиканың баламалы жолдары ұсынылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Украинаның айналасындағы жағдайға және соған байланысты логистикалық қиындықтардың туындауына қатысты қазақстандық экспорттаушыларға жүктерін еліміздің теңіз порттары арқылы және одан әрі Транскаспий халықаралық көлік бағытымен жөнелту мүмкіндігін пайдалану ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағанды облысының ірі кәсіпорындары жергілікті өндірушілерді қолдайды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының ірі кәсіпорындары «АрселорМиттал Теміртау» АҚ және «Қазақмыс» корпорациясы өңір тауар өндірушілерін қолдауды жалғастырып отыр. Облыс әкімдігінде жергілікті қамтуды дамыту бойынша өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан кәсіпкерлері Қорғаныс министрлігінің тапсырысын орындаудан бас тартты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордалық компаниялар Қорғаныс министрлігі үшін арнайы киім тігу бойынша мемлекеттік тапсырысты орындай алмайтынын айтуда. Себеп – нарықтағы жағдайға байланысты мата-материалдың күрт қымбаттауы, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай