
Президенттің 7 саяси бастамасы халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін 7-ші шақырылымдағы ҚР Парламентінің бірінші сессиясын ашқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар саяси бастама көтерді. Бұл бастамаларды Мемлекет басшысының Президент лауазымына кіріскеннен бергі қолға алып жатқан саяси реформалардың үшінші топтамасы десек артық айтқандық емес. Есте болса, реформалардың алғашқы топтамасы аясында партияға тіркеу жеңілдетіліп, партиялық тізімдегі әйелдер мен жастарға 30 пайыздық квота енгізілсе, екінші топтамада азаптауға, адам саудасына қарсы іс-қимыл және азаматтарды, әсіресе балаларды кибербұзушылықтан қорғау үшін заңнаманы жетілдіру мәселері көтерілген болатын.

Мемлекет басшысы: Әлеуметтік қамсыздандыру саясатын қайта қарау міндеті тұр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алда әлеуметтік қамсыздандыру саясатын қайта қарау міндеті тұр. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жетінші шақырылымдағы ҚР Парламентінің бірінші сессиясында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістанда «Кедергісіз келешек» жобасы жанданады
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан қаласында «Nur Otan» партиясының бастамасымен қолға алынған «Кедергісіз келешек» жобасы ерекше жандарға қамқорлық көрсету аясында қарқын алады. Бұл туралы қала әкімі Рашид Аюпов шаһардағы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесу барысында айтып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандықтар жұмыспен қамту орталығының қызметін онлайн алады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 5 қаңтардан бастап электрондық еңбек биржасы enbek.kz порталы арқылы халықты жұмыспен қамту орталығының қызметтерін қашықтан ала алатын қалалардың тізбесін кеңейтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында қандай нәтиже бар
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Коронавирус індетінің таралуы мен жаңа экономикалық сын-қатерлер жағдайында жаппай жұмыссыздыққа жол бермеу үшін жұмыс орындарын құру басымдыққа ие. 2020 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен Үкімет халықты қолдау мен экономиканы тұрақтандыру бағытында жедел шаралар пакеті қабылданды.

Әлеуметтік қолдау: 2020 жылы ерекше қадамдарды іске асыру талап етілді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылы коронавирус індетінің әлем елдерінде таралуына байланысты түрлі салаға ерекше ауыртпалық түсті. Бұл сынақ Қазақстанды да шарпып өткені белгілі. Індеттің салдарымен күрес бағытында Үкімет тарапынан елеулі қадамдар іске асырылды.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай