
Brent мұнайының бағасы 55 доллардан асты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Лондонның ICE биржасындағы Brent маркалы мұнайдың наурыздағы фьючерс бағасы мұның алдындағы сауданы жабу деңгейімен салыстырғанда 1,21%-ға өсіп, барреліне 55,04 долларға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Пандемия жағдайында Қазақстанның электр энергетика саласына қандай қолдау көрсетілді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жыл әр түрлі салалар үшін, соның ішінде Қазақстандағы электр энергетикасы үшін қиын болды. Энергетика министрлігі пандемия кезінде бұл салаға қандай қолдау көрсетілгендігі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Маңғыстауда 15 инвестициялық жоба жүзеге асты
АҚТАУ. ҚазАқпарат — Биыл Маңғыстау – инвестиция тарту бойынша үздік аймақтар қатарында. Өңірде 116,2 млрд теңгенің 15 инвестициялық жобасы жүзеге асырылды. Нәтижесінде 1200 адам жұмыспен қамтылды. Олардың ішінде отандық капиталдың қатысуымен 18,9 млрд теңгенің 10 жобасы, шетелдік инвесторлардың қолдауымен 91,9 млрд теңгеге 4 жоба, мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігімен 1,9 млрд теңгенің 1 жобасы бар. Жыл бойы өңірде атқарылған ілкімді істер жайын ҚазАқпарат тілшісі саралап көрді.

Елімізде көмірсутег шикізатын пайдалануға құқық беретін алғашқы аукцион нәтижесінде бюджет 61 млрд теңгеге толықты
АҚТАУ. ҚазАқпарат- ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев елдің батыс өлкесінде орналасқан «Дұңға, «Қаражанбас», «Бозащы», «Қаламқас» кен орындарында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарашығанақ консорциумы мен Қазақстан Үкіметі көп жылдық дауды шешті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Энергетика министрлігі, ҚР Қаржы министрлігі және өкілетті орган – «PSA» ЖШС арқылы әрекет еткен Қазақстан Үкіметі, сондай-ақ Қарашығанақ жобасының акционерлері – Эни, Шелл, Шеврон, Лукойл компаниялары дауды шешуді аяқтау жөнінде келісімге қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай