
Жүк тасымалындағы қазақстандық көліктердің үлесі 30% ғана - министрлік
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан арқылы өтетін халықаралық жүк тасымалындағы отандық көліктердің үлесі 30% ғана. Мәжіліс депутаттарының сауалына жолдаған жауабында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Еркебұлан Дауылбаев осындай мәлімет келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан мен Түркия арасында Баку-Тбилиси-Карс теміржол желісі дамиды
АНКАРА. ҚазАқпарат - Анкарада өткен бірлескен көлік комиссиясының отырысында қабылданған шешімдерге сәйкес, Қазақстан және Түркия екіжақты транзит тасымалын дамыту мақсатында ынтымақтасты жүзеге асыруға келісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ресейге салынған санкцияға байланысты Қазақстан ірі сауда брендтерімен тікелей байланыс орнатып жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ресейге салынған санкцияларға байланысты ҚР Үкіметі халықаралық сауда брендтерінің кеңселерімен өзара іс-қимыл жасау бойынша жұмысты бастады. Бұл ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Мәжіліс өкілдерінің депутаттық сауалына жолдаған жауабында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ресейде қалып қойған қазақстандық жүктің Еуропаға қалай жеткізілетіні белгілі болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Мәжіліс өкілдерінің депутаттық сауалына жолдаған жауабында Ресейде қалып қойған тауарлар Еуропаға қалай шығарылатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Былтырдан бері Қытайда тұрып қалған 1300 контейнер елге қарай жолға шықты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Былтырдан бері Қытай аумағында тұрып қалған қазақстандық 1300-ге жуық контейнер Қазақстанға келіп, әрі қарай бизнесмендердің келісімшарттық міндеттемелеріне сәйкес басқа елдерге бет алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ұлттық кәсіпкерлер палатасына сілтеме жасап.

«Қытай – Еуропа» теміржол бағыттары «Достық – Алашаңқай» өткелі арқылы өтетін болады
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – ҚХР «Қытай – Еуропа» бағыты бойынша теміржол жүк тасымалы көлемін арттырып жатыр. Бұл туралы Қытай теміржол компаниясының (China State Railway Group) хабарламасында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

ЕАЭО-ға мүше елдерде жүк тасымалын қадағалау үшін навигация пломбасы қолданылмақ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдауды қадағалау үшін навигациялық пломба қолдану туралы келісімге қол қоюға ниетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Мәжіліс Қазақстан мен БАӘ-нің басым салалардағы жобаларға қатысты құжатты талқылайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісі «ҚР Үкіметі мен БАӘ Үкіметінің басым салалардағы жобаларды дамытуға арналған ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестік құру туралы бірлескен декларациясын ратификациялау туралы» заң жобасын қарайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сенатор туризмді дамыту үшін теңіз вокзалын салуды ұсынды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенатор Нариман Төреғалиев «Қазақстандық ішкі туризмді дамыту - уақыт талабы» тақырыбындағы парламенттік тыңдауға дайындық аясында және Маңғыстау облысына сапар қорытындысы бойынша Премьер-Министр Асқар Маминнің атына өңірдегі туризмді дамыту туралы депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай