
Қазақ күресін мектеп бағдарламасына енгізу жұмыстары басталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада Халықаралық Qazaq kuresi федерациясы, Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясы және Республикалық қазақ күресі федерациясының бірлескен конгресінде сала мамандарының қолдауымен Qazaq kuresi қауымдастығы құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Күрестен Азия чемпионатында қазақстандық балуан қыздар 2 алтын еншіледі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нью-Делиде (Үндістан) күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында әйелдер арасындағы бәсекенің екінші күнінде Қазақстан құрамасы 2 алтын, бір күміс және бір қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Оlympic.kz.

Елімізде Қазақ күресі академиясы ашылуы мүмкін
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасының Қазақ күресі федерациясы Қазақ күресі академиясын ашуды жоспарлап отыр. Бұл жоспар туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР Қазақ күресі федерациясының президенті - Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақ күресінен әлем чемпионаты: Ақмолалық палуан қыз қола жүлделі болды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалық палуан қыз Толғанай Әбеуова қазақ күресінен әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай