
Мажарстандағы жылқы тарихына қатысты көрмеде Ботай мәдениеті таныстырылды
БУДАПЕШ. ҚазАқпарат - Будапештте Мажарстан Жаратылыстану тарихы мұражайы мен «Мажар-Тұран» ХҚ ұйымдастыруымен жылқыны қолға үйрету тарихы мен эволюциясына арналған көрме ашылды. Шараға ҚР Мажарстандағы елшісі Жәнібек Әбдірашов, сала мамандары мен ғалымдар, дипломаттар қатысты. Бұл туралы ҚазАқпарат халықаралық қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Салт-дәстүрді жастарға заман талабына сай жеткізу қажет –«Рухани жаңғыру» орталығының басшысы
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бірнеше бағыты бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Орталық басшысы Нұрлыхан Хасенов «Ақтөбе» телеарнасының «Сәті түскен сұхбат» бағдарламасында айтып өткендей, жобаның негізгі аудиториясы – жастар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысында бүгінгінің батырларын дәріптейтін шара қолға алынуда
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесі «Арамыздағы батырлар» жобасын жүзеге асыруда. Жоба бүгінгінің батырларын дәріптеуге, олардың ерліктерін көпшілікке үлгі ету мақсатында қолға алынып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жастар тәрбиесінде пайдалану ұсынылды
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жастар – еліміздің ертеңі. Мемлекетіміздің болашағы жарқын болуы үшін бүгінгі өскелең ұрпақтың тәрбиелі әрі білімді болып қалыптасуы шарт. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев зиялы қауым, дін өкілдері, спортшылар және жастармен кездесуінде осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Роза Бағланованың 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2022 жылы 1 қаңтарда КСРО мен Қазақстанның халық әртісі, Халық қаһарманы, кеңестің және қазақтың опера және эстрада әншісі Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толады. Аңызға айналған әншінің мерейтойы құрметіне түрлі шаралар атқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ұлттық рухани жаңғыру»: Публицистикалық мәтіндер корпусының тұсаукесері өтті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Қазақ тілі ұлттық корпусы публицистикалық мәтіндер кіші корпусының» тұсаукесер рәсімін өткізді.

«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: жастарға мүмкіндік, ұлттық код және мәдени жаңғыру
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл 13 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық жобалар тізбесін бекіту туралы Жарлыққа қол қойды. Оның негізінде 10 нақты Ұлттық жоба анықталды. Соның бірі - 2021-2025 жылдарға арналған «Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы. Аталған жобаның міндеттері қатарында зияткерлік әлеуетті дамыту, қазақ тілінің дамуына жағдай жасау, жастар үшін жаңа мүмкіндіктерді ашу секілді мәселелер бар. Ұлттық жобаның нақты мақсат-міндеттері мен бағыттары және іске асыру тетіктері туралы ҚазАқпарат сарапшысының материалынан оқи аласыздар.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай