
ТЖМ басшысы екі өңірдің су тасқыны қаупі бар учаскелеріне әуеден бақылау жүргізді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 21-22 сәуірде ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының су тасқыны қаупі бар учаскелері мен елді мекендеріне аэровизуалды бақылау жүргізді. Бұл туралы ҚазАқпарат аталмыш ведомоствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Гүлшара Әбдіқалықова облыс тұрғындарына үндеу жасады
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес 21 сәуірден бастап «сарыдан» «қызыл аймаққа» ауысты. Осыған байланысты аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова тұрғындарға үндеу жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Депутаттар Шардара су қоймасы мен Көксарайдың қауіпсіздігіне қатысты ұсыныс айтты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәжіліс депутаты Файзолла Қаменов «Шардара» су қоймасы мен «Көксарай» су реттегішінің қауіпсіздігіне қатысты мәселені көтеріп, Үкімет басшысының орынбасары Роман Склярдің атына сауал жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нотариаттық құпия ұғымы анықталды – Әділет министрлігі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нотариаттық құпия ұғымы айқындалып, оны сақтауға міндетті адамдар тобы бекітілді. Бұл туралы нотариат саласындағы негізгі жаңалықтарды түсіндіру барысында ҚР Әділет вице-министрі Азамат Әмірғалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қостанай облысындағы Қарамырза ауылында бірқатар үйлерді су басты
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Үйлерді су басу жағдайы Қостанай облысының Қарасу ауданындағы Қарамырза ауылында орын алған. Адамдар қауіпсіз жерге шығарылды, құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдар үйлердегі суды сорғымен тартып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Елорда әуежайында бірқатар шектеулер қойылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің жаңа қаулысына орай Нұрсұлтан Назарбав Халықаралық әуежайында бірқатар шаралар қабылдан. Бүгіннен бастап енгізілген шектеу шаралары туралы Нұр-Сұлтан қаласы әуежайының баспасөз хатшысы Әнуар Шәлекенов баяндап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыда өрт қауіпсіздігін сақтамағандарға айыппұл салынды – ТЖД
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жыл басынан бері 116 өрт оқиғасының жолы кесілді, 41 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, жалпы сомасы 416 700 теңге айыппұл салынды. Бұл туралы онлайн брифингіде Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментнің басшысы азаматтық қорғау полковнигі Руслан Қасыбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанда ақпараттық сервистерде кемшілік тапқандарға сыйақы беріледі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі кемшілікті тапқан қазақстандықтарға сыйақы беріледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Су тасқыны: Роман Скляр елорда маңындағы аумақтарды әуеден бақылады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін, 13 сәуірде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр, төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов пен Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев елорданың шекара маңындағы аумақтарында су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізу мақсатында әуеден бақылау жасады. Бұл туралы ҚазАқпарат primeminister.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанда жеке деректер қауіпсіздігін қамтамасыз ету сервисі енгізілмек
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда Жеке деректер қауіпсіздігін қамтамасыз ету сервисін енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жеке деректерді қорғау: қай салада шағымдар жиі кездеседі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов жеке мәліметтердің таралуына қатысты адамдардар келіп түскен шағымдарды айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақпараттық қауіпсіздік комитеті ЭЦҚ-ны бөтен адамдарға бермеуге үндеу жасады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –2020 жылы электронды цифрлы қолтаңбаны заңсыз беру мен оның тиісті деңгейде қорғалмауына қатысты 30-дан астам факті анықталды. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақпараттық қауіпсіздікке қатысты 4 лауазым иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында биыл мемлекеттік органдардың 4 лауазым иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық ғалымдар коронавирусқа қарсы қорғаныс экранын қолданысқа енгізді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми-технологиялық паркінің жас мамандары Жану мәселелері ғылыми-зерттеу институты мамандарымен бірге бетке арналған ALFASHIELD қорғаныс экранын әзірлеп шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш жоғары оқу орнының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай