
Халықаралық қаржы корпорациясының қазақстандық кеңсесінің орнықты жұмысына жағдай жасалды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қаржы корпорациясы арасындағы Қазақстанда офистер құру және олардың қызметі туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бір аптада COVID-19-дан қайтыс болғандар саны рекордтық көрсеткішке жетті – ДДҰ
ЖЕНЕВА. ҚазАқпарат – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) әлемде бір аптада коронавирус инфекциясынан көз жұмғандар саны рекордтық көрсеткішке жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ДДҰ ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда төменгі сынып оқушыларының 56% үйірмеге бармайды – зерттеу
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен еліміздің бастауыш сынып оқушылары арасында зерттеу жүргізді. Зерттеу Еуропа мен Орталық Азияның өзге де елдерін қамтыды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҰҚШҰ байқаушылары Қазақстандағы сайлауды жоғары бағалады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының байқаушылары Қазақстанда өткен сайлауды жоғары бағалайды. Бұл туралы РФ Мемлекеттік думасындағы ТМД, еуразиялық интеграция және отандастармен байланыс комитеті төрағасының орынбасары, халықаралық байқаушы Умахан Умаханов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҰҚШҰ миссиясы: Қазақстанның сайлау өткізу тәжірибесін өзге елдер де қолдана алады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандағы Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлау жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Мұндай пікірді РФ Мемлекеттік думасы ТМД істері, Еуразиялық интеграция және отандастармен байланыс комитеті төрағасының орынбасары, ҰҚШҰ Парламенттік ассамблеясынан байқаушылар миссиясының мүшесі Умахан Умаханов білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әйелдер мен жастарға арналған 30 пайыздық квота қандай нәтиже береді – Халықаралық байқаушылар пікірі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ТМД Парламентаралық ассамблеясының халықаралық байқаушылары партиялық тізімдегі әйелдер мен жастарға арналған 30 пайыздық квотаның қандай нәтиже беретінін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан пандемия кезінде қауіпсіз сайлау өткізудің үлгісін көрсетті – халықаралық байқаушы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан пандемия кезінде қауіпсіз сайлау өткізудің үлгісін көрсетті. Бұл туралы Германияның Бундестаг депутаты М. Хелданың сыртқы саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі, Германияның сыртқы сауда және Федералды Ассоциациясының экономикалық даму кеңесшісі Урс Ункауф мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Халық белсенді дауыс беріп жатыр – ТМД байқаушысы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ТМД Парламентаралық ассамблеясының байқаушысы, Федерациялық кеңестің конституциялық заңнама және мемлекеттік құрылыс жөніндегі комитетінің мүшесі Олег Цепкин Қазақстанда өтіп жатқан сайлауға баға берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан Орта Азия елдері арасында сайлау өткізуге жақсы маманданған – Еуропарламент депутаты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында Мәжіліс және мәслихат сайлауының барысын қадағалаушы Еуропарламент депутаттары Тьерри Мариани және Жан-Лан Лакапель оның өту барысына қатысты байқаушы ретіндегі пікірін бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматыда комиссияға да, сайлаушыларға да қысым болған жоқ - ТМД миссиясы
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -ТМД миссиясының халықаралық байқаушысы Валентин Колясев Алматыдағы жалпықалалық баспасөз орталығында өткен брифингте сайлау учаскелерінде ешқандай заңбұзушылықтардың орын алмағанын атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Италия байқаушылары Қазақстандағы сайлау науқанына жоғары баға берді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Италиядан келген халықаралық бақылаушылар - Италия депутаттар палатасының депутаты, «Бес жұлдыз» қозғалысының мүшесі Руссо Джиовани мен Италия депутаттар палатасының депутаты Андреа Дельмастро Делле Ведове Қазақстандағы сайлау науқанына жоғары баға берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанда халық сайлауға аса үлкен жауапкершілікпен қарайды - халықаралық байқаушы
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауында Ақмола облысы бойынша жұмыс істеген халықаралық байқаушылар өңірлік коммуникациялар қызметінде журналистермен брифинг өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік банк Қазақстан экономикасының динамикасын бағалауды жақсартты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Global Economic Prospects-тің 2021 жылғы 5 қаңтардағы жаңартылған есебінде Дүниежүзілік банк 2020 жылы әлемдік экономика серпінін бағалауды арттыру жағына қайта қарады. Жаңартылған бағалауларға сәйкес, 2020 жылы әлемдік экономиканың көлемі 4,3%-ға қысқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай