
Бразилияда нөсер жауыннан кем дегенде 56 адам қаза тапты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сейсенбіден бері толассыз жауған жаңбыр суының тасқыны мен көшкін салдарынан Бразилияның солтүстік-шығысындағы Ресифе және Олинда муниципалитеттерінде кем дегенде 56 адам қаза тауып, сонша адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.

Алматы облысындағы Қоғалы ауылының үш көшесін су басты
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Кербұлақ ауданына қарасты Қоғалы ауылының үш көшесін су басты. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қазір судың деңгейі төмендеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тасқын су Бағыс ауылына баратын жалғыз жолды шайып кеткен - Сарыағаш ауданы
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Сарыағаш ауданында тасқын су салдарынан Бағыс ауылына баратын жалғыз жол жарамсыз күйге түсті. Қазір облыстық маңызы бар жол қоршалып, жүруге тыйым салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Табиғи апаттан зардап шеккен түркістандықтарға өтемақы беріледі
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Табиғи апаттан зардап шеккен Түркістан облысындағы Қазығұрт, Сарыағаш аудандары мен Кентау қаласы тұрғындарының шығыны өтелетін болады. Арнайы комиссия шешіміне сәйкес облыстық бюджеттің резервтік қорынан қаржы қаралып, көмек көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай