
76 мың оқырманы бар телеграм канал ҰБТ сұрақтарын сатқан
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы ҰБТ-да талапкерлердің орташа балының төмен болуына тестілеудің мейлінше ашық өтуі себеп болуы мүмкін. Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Болашақта математика ғылымын қазақ тілінде сөйлеткім келеді – 136 балл жинаған түлек
ОРАЛ. ҚазАқпарат – «Алдымда толған мақсат, толған таңдау» демекші, қазіргі таңда мектеп түлектері өздері қалаған мамандықты таңдап, үлкен өмір жолына қадам басқалы отыр. Солардың бірі – Тасқала ауданы «Сәулет» мектеп-лицейінің шәкірті Қасымжомартәлі Ғазез ҰБТ-да 136 балл жинап, облыс бойынша көш бастады. Қасымжомартәлі өзі білім алған алтын ұясы, алдағы арман-мақсаттары жөнінде ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат берді.

ҰБТ-ға шпаргалка, телефон алып кірген 267 оқушы тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Негізгі ҰБТ басталғаннан бері 220 мың рет тест тапсырылды. Оның ішінде түлектердің 75,8% – қазақ тілінде, 24% - орыс тілінде, 0,1% - ағылшын тілінде тестілеуден өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлемдік деңгейдегі шығармашылық байқау жеңімпаздары ҰБТ-сыз білім грантын алады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықаралық пәндік олимпиадалардың, спорттық жарыстардың және әлемдік деңгейдегі шығармашылық байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҰБТ тапсырмай-ақ ЖОО-ға грантқа түсуге мүмкіндік алады. Осыған қатысты тиісті бұйрыққа Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыда ҰБТ-ның алғашқы аптасында 9 түлектің нәтижесі жойылды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Ұлттық бірыңғай тестілеу басталған алғашқы аптада ереже бұзудың 9 фактісі анықталып, тест нәтижелері жойылды. Бұл туралы брифинг барысында қалалық Білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнәр Ермекбаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҰБТ басталғаннан бері 20 мыңнан астам талапкер тест тапсырды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Негізгі ҰБТ басталғаннан бері 20 мыңнан астам талапкер тест тапсырды. Оның ішінде түлектердің 71,2% – ы қазақ тілінде, 28,7% – ы орыс тілінде, 0,09% - ы ағылшын тілінде тестілеуден өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат Білім министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай