
Африкадағы ұстаз Айман Мәмедалиевамен сұхбат
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Орталық Африка Республикасы – Африка құрлығындағы ең кедей мемлекет. Тұрмысы жұпыны мемлекет болғанымен, табиғат ресурстары бар. ОАР астанасы Банги қаласындағы мектептердің бірінде отандасымыз Айман Мәмедалиева қызмет етеді. Бізге беймәлім Бангиге барып, ондағы қарадомалақтарды оқытып жүрген Айманмен «Túrkistan» газетінің тілшісі арнайы хабарласып, әңгімеге тартқан. Сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.

Облыс әкімдері білім бөлімдері басшыларын тағайындау құзыретінен айырылады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Аудандық және қалалық білім беру бөлімдерінің басшыларын облыстық білім беру басқармасының басшысы тағайындайтын болады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шетелде оқу конкурсына қатысу үшін үйден шықпай-ақ құжат тапсыруға болады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Енді шетелде оқу конкурсына қатысуға ниет білдірген қазақстандықтар білім саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде «Электрондық үкімет» порталында құжаттарды онлайн тапсыра алады. Бұл жөнінде «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

ҰБТ барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізіледі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Тоғжановтың төрағалығымен өткен селекторлық отырыста ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізуге дайындық барысы қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы облысында болашақ құтқарушыларды даярлайтын кадет сыныбы бар
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында болашақ құтқарушыларға арналған кадет сыныбы бар. Ол азаматтық қорғаныс ұйымдарын жандандыру мақсатында 2019 жылы Іле ауданы, Өтеген батыр ауылындағы 7-ші орта мектеп негізінде ашылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Қорғаныс министрі Қосшыда патриоттық сабақ өткізді
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев елорданың іргесіндегі Қосшы ауылындағы № 2 орта мектепке барып, білім күнінен орай «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ» атты бірінші патриоттық сабақ өткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат ХАА Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ерлан Тұрғымбаев ауыл мектебінде интерактивті сабаққа қатысты
ҚЫЗЫЛЖАР. ҚазАқпарат – Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Ақмола облысының Целиноград ауданы Қызылжар ауылындағы орта мектепке барып, ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап қайтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай