
ҚР Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясы 76-сессиясының Жалпы дебаттарында сөз сөйледі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясы 76-сессиясының Жалпы дебаттарында «Болашаққа сенім – өмірге төзімділікті күшейту: COVID-19-дан кейінгі қайта жаңғыру, орнықты қалыпқа келу, әлем қажеттіліктерін қанағаттандыру, адам құқықтарын құрметтеу және Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметін жандандыру» тақырыбында сөз сөйледі, деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстанның ОА-дағы рөлі және БҰҰ құндылықтарына бейілділігі жан-жақты мойындалуда – Антониу Гутерриш
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат – Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі Мағжан Ілиясов БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришке сенім грамоталарын тапсырды. Тапсыру рәсім Ұйымның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тоқаев әскерилердің БҰҰ бітімгерлік операциясына қатысу Жол картасын әзірлеуді міндеттеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Қарулы күштерінің БҰҰ бітімгерлік операцияларына қатысуын кеңейту жөніндегі Жол картасын әзірлеу керек. Қорғаныс министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісіне қатысқан ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан БҰҰ-ның жауапты әрі беделді мүшесі болып қала береді - Мұхтар Тілеуберді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді БҰҰ-ның 75-жылдық мерейтойына арналған жиынға бейнеконференция арқылы қатысып, халықаралық ұйым күнімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҰҰ 75 жылдығы: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғаламдық конференция өткізді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Біріккен Ұлттар Ұйымы күні қарсаңында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әл-Фарабидің 1150 жылдығына, БҰҰ-ның 75 жылдығына, БҰҰ Өркениеттер альянсының 15 жылдығына және БҰҰ «Академиялық ықпал» бағдарламасының 10 жылдығына арналған ғаламдық конференция өткізді. Конференция Бас хатшы Антонио Гутерриштің БҰҰ-ның 75 жылдығына орай әлемдік қоғамдастыққа арнаған бейнеүндеуімен ашылды.

БҰҰ миссиясы және Қазақстанның Ұйымдағы рөлі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылғанына 75 жыл толды. Жаһан жұртын бейбітшілік пен қауіпсіздікке, диалог пен дамуға шақырған халықаралық платформа әрқилы кезеңнен өтіп, әлемнің екі жүзге жуық мемлекетін біріктірген алаңға айналып отыр. Қазақстанның 1993 жылы БҰҰ қатарына енуі халқымыздың тәуелсіздік пен бостандыққа деген көп ғасырлық ұмтылысын көрсетті. Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан әлемдік қауымдастыққа интеграцияланып қана қоймай, Азиядағы қауіпсіздік, ядролық қарусыздану, Еуразиялық диалог сынды ұсыныстарды алға қойды. БҰҰ-ның 75 жылдығына арналған жаңа форматтағы жиын жедел әрі нақты шешімдер қабылдау керектігін көрсетіп отыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ мінберінен Қазақстандағы ауқымды реформалар жайында айтты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебаттарында елімізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалар жайында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев әлем елдерінің назарын Арал мен Семей қасіретіне аударды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Біз БҰҰ-ның климатты жақсартудың алты оң қадамы атты жоспары аясында күш біріктіруге міндеттіміз. Бұл туралы БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебаттарында сөз сөйлеген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан Президенті «Ядролық бестік» мемлекеттерін Семей шартын ратификациялауға шақырды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ядролық қаруы жоқ әрбір мемлекетке қауіпсіздіктің заңды тұрғыдан міндетті кері кепілдіктері берілуі тиіс. Бұл туралы БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебаттарында сөз сөйлеген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаһандық экономиканы қалпына келтіру үшін келісілген шаралар қажет - ҚР Президенті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жаһандық экономиканы қалпына келтіру үшін келісілген шараларды шұғыл қабылдау қажет. Бұл туралы БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебаттарында сөз сөйлеген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай