
Астаналық полицейлер қатты музыка және түнгі шумен қалай күресіп жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жаз мезгілі келісімен қала жұртшылығы күндіз және кешқұрым үйдің терезесін ашып қоятыны белгілі. Осындай кезде даладағы қатты қойылған музыка мен көшедегі шулаған адамдар мазаны алып жатады. Осы орайда астаналықтардың тыныштығын қорғау шараларына қатысты ҚазАқпарат тілшісі Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментіне жүгінген еді.

1,1 млн-нан астам жұмысшының жалақысы өседі – Үкімет
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Сенаттың жалпы отырысында екі құжат талқыланды. Осы орайда палата депутаттары «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы Армения Республикасына мұнай өнімдерін беру саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңын қабылдады.

Сот Елжан Біртановтың адвокаттары білдірген қарсылықты қабылдамай тастады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы Елжан Біртанов пен оның орынбасары болған Олжас Әбішев ісіне қатысты өткен негізгі сот отырысында адвокаттар мемлекеттік айыптаушылар мен Денсаулық сақтау министрлігінің өкіліне қарсылық білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Креативті индустрияны дамыту туралы заң жобасы Парламент қарауына енгізіледі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Креативті индустрияны дамытуға бағытталған заң жобалары әзірленіп, Парламент қарауына енгізіледі. Бұл туралы Сенатта «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» кешенді жоспарын іске асыруды талқылау кезінде Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елімізде бірқатар салада салық салуға қатысты өзгерістер болады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында үш заң жобасы қаралды. Осы орайда палата депутаттары «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодекске және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексін қолданысқа енгізу туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлданды.

Түркістан облысында құжатсыз көлік айдаған түлектер ұсталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Түркістан облысы полиция департаменті қызметкерлерінің арнайы рейдтік шарасы кезінде құжатсыз көлік айдап жүрген 3 мектеп бітіруші ұсталды. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанда күш құрылым қызметкерлері ақылы жолдарда тегін жүреді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақылы жолдарда тегін жүру нормасы екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері мен күш құрылым қызметкерлеріне тіркелген автокөліктерге қатысты болады. Бұл туралы көлік мәселелеріне арналған заң жобасын түсіндіру кезінде Мәжіліс депутаты Альберт Рау айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәжіліс энергия үнемдеу талаптарына қатысты заң жобасын мақұлдады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мамонт тістерін Қазақстан арқылы Қытайға алып өтпек болған
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық №2 сотының мамонт пен мүйізтұмсық тістерін Қытайға контрабандалық жолмен алып өтпек болған айыпталушыға қатысты үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап.

Мәжіліс салық саласындағы өзгерістерге қатысты құжатты мақұлдады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодекске және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексін қолданысқа енгізу туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай