
Наурыздан наурызға дейін: Жылдың басты оқиғаларына фотошолу
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Табиғатпен үндесіп тіршілік еткен, уақыт өлшемін айлар мен амалдың ауысуымен есептейтін, көктемдегі күн мен түннің теңесуін жылдың басы деп білген көшпелі өркениет мұрагері саналатын Қазақ елі үшін тағы бір жыл артта қалды. Бұл жыл ел тәуелсіздігінің 30 жылдық тарихын таразылаған, мерейтой жылы болды. ҚазАқпарат жылдағы дәстүр бойынша наурыздан наурызға дейін болған маңызды оқиғалардың шолуын ұсынады.

Тәуелсіздік күніне орай Қазақстан Президентіне бірқатар елдердің басшылары құттықтау жолдады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай шет мемлекеттердің басшыларынан және халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау хаттары мен жеделхаттар әлі де келіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Тәуелсіздік күніне орай ҚР Президентін көптеген мемлекет басшылары құттықтады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай шет мемлекеттердің басшыларынан және халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау хаттары мен жеделхаттар әлі де келіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Қарағандыда Тәуелсіздік күні дүниеге келген 117 сәби «Сүйінші» сыйлығын алды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында 16 және 17 желтоқсанда туылған 117 бала ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Мемлекет басшысының атынан «Сүйінші» baby-боксын алды. Ал олардың ата-аналарына құттықтау хаты табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Батыс Қазақстан облысында 72 сәбиге «Сүйінші» сыйқорабы табыс етілді
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 16 және 17 желтоқсан күндері дүниеге келген 72 сәбидің ата-анасына Мемлекет басшысының атынан «Сүйінші» baby-бокстары табыс етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлемдегі 131 ел Қазақстанда өндірілген өнімді тұтынады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кез келген мемлекеттің экономикасында өндірістік бағдарламаның орны ерекше екені белгілі. Кәсіпорындардың өнімділігі мен қуатына қарай бұл саланың елдің дамуына қосатын үлесі арта береді. Осы орайда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жыл ішінде өңдеу өнеркәсібінің дамуы және индустрияландыру бағдарламасын іске асырудың нақты нәтижелері бойынша ақпаратты көпшілік назарына ұсынуды жөн көрдік.

Рой Джонс Қарағандыда басталған бокстан халықаралық турнирдің құрметті қонағы болды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда Серік Сәпиев атындағы Бокс орталығында еңбек сіңірген жаттықтырушы Ғалым Жарылғаповты еске алуға және Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған дәстүрлі XXХVIІ халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан Елтаңбасы туралы не білеміз
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елтаңба – елдіктің, тәуелсіздіктің, мемлекеттіліктің ерекше белгісі, неміс тілінен аударғанда «мұра» немесе «енші» мағынасында айтылады. ҚазАқпарат агенттігі Қазақстанның Мемлекеттік елтаңбасы мен оның авторлары туралы маңызды деректерді ұсынады.
Түркістанда тарихи сәт: Еуропадан арнайы жеткізілген 400 жылдық музыкалық аспап ойналды
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан музыкалық драма театры жаңа премьераны көпшілік назарына ұсынды. Өнер ұжымының «Махаббат мұнарасы» атты жаңа қойылымына келушілер де көп болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: ҚР Президентінің атына шет мемлекеттер басшыларынан жеделхаттар түсуде
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау жеделхаттары келіп түсуде. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Атажұртқа қоныс аударғаныма 30 жыл болады, өз орнымды таптым – Серхан Батай
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – 1991 жылы еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін 31 желтоқсанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ радиосы арқылы шетелде жүрген қазақтарға арнап сөз сөйледі. Кейін қандастарға арналған хаты 1992 жылы 2 қаңтарда «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрді. Бұл әлемнің әр түкпірінде тарыдай шашылған қазақтардың Атамекенге оралуына түрткі болды. ҚазАқпарат тілшісі ұлы көшпен алғашқылардың бірі болып Атамекенге қоныс аударған, қазір Петропавлда тұрып жатқан Серхан Батаймен сұхбат құрған еді.

Ресейлік төлқұжатыма қазақы шапанмен суретке түстім - Шерхан Әбілов
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Кентау қаласының құрметті азаматы Шерхан Әбілов Ресей елінде актерлік өнерімен көпшілікті мойындатып, көптеген туындыларда белгілі тұлғаларды сомдап жүр. «Ленфильм» киностудиясының актері, Ресей кино актерлер гильдиясының мүшесі, Ресей Федерациясы кинематографистер одағының мүшесі Ш.Әбіловпен кездесіп, сұхбаттасудың сәті түсті.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай