
Шымкент тұрғыны ірі мөлшерде есірткіні жерге көміп сақтаған
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі қылмысына қатысы бар күдіктіні ұстады. Ер адамнан айғақты зат ретінде 50-ден астам полиэтилен пакетке салынған синтетикалық есірткі алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тергеудегі күдікті қашып кеткен Шымкент абақтысының 17 қызметкері жазаға тартылды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкенттегі уақытша ұстау абақтысының 17 қызметкері өз міндеттерін бұзғаны үшін қатаң тәртіптік жазаға тартылды. Бұл шара жуырда абақтыдан күдіктінің қашып кетуіне байланысты қолданылып отыр. ҚазАқпарат тілшісі бұл туралы Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Шымкент полициясының бірқатар басшысы жазаға тартылды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қалалық полициясының бірқатар басшысы тәртіптік жазаға тартылды. Бұл туралы үшінші мегаполиске жұмыс сапарымен барған еліміздің Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кенигсбергті алғанымыз үшін «Қызыл Жұлдыз» орденіне ие болдық - ардагер Абылай Қазыбаев
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкенттік тұрғын Абылай Қазыбаев Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, Жеңіс күнін Кенигсбергте қарсы алған ардагердің бірі. Сол жылдары майдангерге Кенигсбергті басып алғаны үшін «Қызыл Жұлдыз» ордені берілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Түрмеге жасырын камерасы бар көзілдірік кіргізілмек болған
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаменті жедел бөлімінің қызметкерлері портативті камерасы бар ерекше сәлемдеменің колония аумағына кіруінің алдын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің телеграм каналына сілтеме жасап.

Шымкентте бір үйдің екі баласын көлік қағып кетті
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте «Hundai Accent» маркалы автокөлік жүргізушісі мектепке бара жатқан әпкелі-сіңлілі екі жасөспірімді қағып кетті. Жасөспірімнің бірі дене жарақатымен Шымкент қалалық балалар ауруханасына жеткізілсе, екіншісі медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне қайтарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкентте қаржы басқармасының бұрынғы басшысы сотталды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте қаржы басқармасының бұрынғы басшысы сотталды. Қаратау аудандық соты Кенжебек Жанбосыновты «лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдаланды» деген айыппен кінәлі деп танып, үш жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкентте интернет алаяқтыққа қатысы бар күдіктіден 6 телефон мен 20 SIM карта тәркіленді
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте интернет алаяқтыққа қатысы бар 5 күдікті анықталған. Олардың екеуі Ресей Федерациясында ұсталып, экстрадицияланып жатыр. Ал, 3 күдікті қамалып, тергеу амалдары басталды. Жалпы, олардың 20-ға жуық қылмыс жасағаны анықталып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкентте қарамағындағылардан бір жыл бойы пара алған майор ұсталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 27 сәуірде қызмет бабындағы қамқорлығы үшін қарамағындағылардан 178 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін Шымкент полиция майоры Қайрат Әлімханов ұсталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлық агенттіне сілтеме жасап хабарлайды.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай