Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Тағы бір қазақстандық былғары қолғап шебері кәсіпқой боксқа ауысты

2020 жылдың 2 маусым 2020 14:46

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалық былғары қолғап шебері, 2018 жылғы жасөсіпірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Талғат Шәйкен әуесқойлар боксынан кәсіби боксқа ауысты. Енді 19 жастағы боксшы Қазақстан атынан шаршы алаңға шығатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, боксшы кәсіби рингте өнер көрсету үшін MTK Global проумоутерлік компаниясымен келісімшартқа тұрған.

«Құрметті достар, кәсіби боксқа ауысқаныма қолдау білдіргендеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін. Мен дүниежүзіндегі көшбасшы МТК GLOBAL менеджерлік компаниясымен келісімшартқа тұрдым. Енід қазақстандықтарды кәсіби бокстағы жеңістеріммен қуантуға тырысамын», -деп жазады боксшы Instagram парақшасында.

Айта кетейік, Талғат Шәйкен 2019 жылы Қазақстан халқының спартакиадасы шеңберінде ересектер арасындағы өткен республикалық біріншілікте қарсыластарын айқын басымдықпен тізе бүктірген болатын.

Ол әуесқойлар арасында нокаут шебері атанды. Қарсыластарын шарашы алаңда талай мәрте сұлатып салды. MTK GLOBAL KAZAKHSTAN менеджерлік компаниясының басшысы Асқар Салықбаев басылымдардың бірінде жасалған келісімшарт ұзақ жылдарға арналған.


Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Бокс, Спорт, Ақмола облысы,
Жоғары қарай