Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Тағы үш қаланың әуежайлары «цифрлық жеке куәлік» жобасына қосылды

2021 жылдың 10 желтоқсан 2021 18:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әуежайда eGov Mobile қосымшасы арқылы цифрлық жеке куәлік ұсыну мүмкіндігі бар қалалардың саны тағы үш шаһармен толықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұдан былай Өскемен, Семей және Қостанай қалаларының әуежайларында да жеке деректерді растау үшін eGov Mobile қосымшасы арқылы цифрлық жеке куәлікті ұсынуға болады. Бұрын мұндай қызмет Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Шымкент, Түркістан, Ақтау, Атырау, Тараз, Петропавл, Қарағанды қалаларының әуежайларында қолжетімді еді.

«Әуежайда цифрлық жеке куәлікті пайдалану үшін eGov mobile қосымшасында тіркелген пайдаланушы «Цифрлық құжаттар» сервисіне кіріп, тізімнен жеке куәлікті таңдай алады. Әуежайдың тіркеу тағанында, сондай-ақ ұшу алдындағы тексеруден өту кезінде сервисте жасалған QR-коды бар смартфонның экранын көрсету қажет», - деп жазылған ҚР Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Ішкі рейстерде цифрлық жеке куәлікті пайдалану мүмкіндігі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, Азаматтық авиация комитеті мен «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ-ның, әуе компаниялары мен әуежайлардың және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның жүйелерін интеграциялаудың арқасында мүмкін болды.

Цифрлық құжаттар сервисі пилоттық режимде қолданылып жатқанын атай кету керек.


Жоғары қарай