Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Талдықорған тұрғынынан аса ірі көлемде синтетикалық есірткі тәркіленді

2021 жылдың 19 қазан 2021 19:37

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда аса ірі көлемде синтетикалық есірткі алып жүрген күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«22 қыркүйекте Алматы облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы мен Алматы облысының ҰҚК департаменті қызметкерлері бірлескен арнайы операциясы барысында Талдықорған қаласының орталығында Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 255-бабына сәйкес жүргізілген жеке тінту кезінде 20 жастағы жергілікті тұрғының сөмкесінен салмағы 150 грамм синтетикалық есірткі заты бар полиэтилен пакет алынды», делінген хабарламада.

Ұнтақты 14 қазанда Сот сараптамасы есірткі деп таныды.

Аталған факт Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігімен «аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ведомствоның мәлімдеуінше, тергеу мүддесі үшін толық ақпарат жария етілмейді.


Жоғары қарай