Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

Талдықорғанда 16-қабаттан секірмек болған тұрғын құтқарылды

2020 жылдың 6 қаңтар 2020 18:31

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Талдықорғанда тәртіп сақшыларының жылдам әрекеті мен жүйелі жұмысының нәтижесінде өзіне-өзі қол салмақшы болған 24 жастағы қала тұрғыны құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаңтардың 6-на қараған түні облыс орталығының Полиция басқармасына қалада салынып жатқан 16 қабаттық құрылыстан ер адам секірмекші болып тұрғаны туралы хабар түскен. «Қаратал» шағын ауданына шұғыл жеткен тәртіп сақшылары 24 жастағы азаматтың кім екенін анықтап, қайғылы жағдайдың алдын алды.

«Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары 24 жастағы тұрғынның отбасылық жағдайына қатысты талаптарын тыңдады. Сол жерге жігіттің жақындары шақырылып, оның қауіпсіз жерге өтуі қамтамасыз етілді. Сараптама нәтижесі бойынша оның масаң күйде екені анықталды»,- деп атап өтті облыстық ПД баспасөз қызметі.

Алдын ала тергеу бойынша азаматтың отбасылық түсінбестіктен кейін құрылыстың ең биік тұсына шыққаны белгілі болды. Қалалық полицейлер азаматты түсіндіру және алдын алу жұмыстарын жүргізіп, үйіне жіберді.


Жоғары қарай