Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Талдықорғанда 22 жастағы жігіт ағасын бірнеше жерден пышақтап тастаған

2021 жылдың 16 маусым 2021 15:43

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат- Талдықорғанда 22 жастағы тұрғын ағасын бірнеше жерден пышақтап тастаған. Ұсталған күдікті психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«11 маусым күні Талдықорған қаласындағы көпсалалы ауруханаға 47 жастағы азамат көптеген пышақ жарақатымен түскен. Талдықорғанға қарасты Өтенай ауылының тұрғынын өзінің інісі пышақтаған. Тексеру барысында 22 жастағы күдіктінің психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғаны анықталды»,- деп мәлімдеді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Қазір осы факті ҚР ҚК 106 бабы 1 бөлігі бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

«Өзге ақпарат тергеу құпиялығына байланысты жарияланбайды»,- деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.


Автор Самал Қабышева
Басты сөздер: Оқиға, Заң, Алматы облысы,
Жоғары қарай