Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Талдықорғанда көпқабатты үйде жарылыс болып, екі адам зардап шекті

2020 жылдың 17 наурыз 2020 22:31

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда газ-ауа қоспасынан жарылыс болып, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқыс оқиға екі қызметкер газдың есептеуіш құралын ауыстырып жатқанда болған. Ресми мәлімет бойынша, газ орталықтандырылған жүйеге қосылған.

«Оқиға Талдықорғандағы «Жетісу» ықшамауданында болды. Кешкі сағат 19:00 шамасында бес қабатты үйден 15 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Оның 6-ауы – балалар. Оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметінің 21 қызметкері мен жедел жәрдем, полиция өкілдері және 7 техника жөнелтілді. Зардап шеккен екі қызметкердің жағдайы тұрақты. Олар «Тавиди» ЖШС-ның жұмысшылары. Газ-ауа қоспасының жарылысынан өрт туындаған жоқ. Терезелері ғана сынды. Басқа пәтерлерге залал келген жоқ», - деді аталған ведомствоның баспасөз қызметінің өкілі Азамат Жұртбаев.





Жоғары қарай