Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 381.10
EUR 420.81
RUB 5.65
CNY 54.57

Талдықорғанда қос ғұламаның мерейтойына арналған тарихи-танымдық жоба таныстырылды

2020 жылдың 19 қаңтар 2020 19:00

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Ұлы Абайдың 175 жылдығы және Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай тарихи-танымдық жобаларының таныстырылымы өтті. Жас суретші-дизайнер ғұламалардың бейнесі мен айтқан сөздері жазылған графикалық суреттер ұсынып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Jetisy ART» жобасы аясында тарихи тұлғалар мультипликациялық кескін ретінде бейнеленіп, олардың афоризмдері мен нақыл сөздері жазылып, әлеуметтік желілерде таратылады. Жоба авторы Еркеғали Иманғалидың айтуынша, мұндай әдіс кішкентай балалар мен жастардың жылдам қабылдап, қос ұстаздың шығармашылығын кеңінен насихаттауға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда Абай мен Әл-Фараби бейнесінің 20 түрлі нұсқасы әзірленді. Бұл суреттер көшедегі жарнамалық биллбордтарға, ғаламтор мен әлеуметтік желілерде кеңінен жарияланып, үлкен аудиторияны қамтуды көздейді. Жоба авторлары биылғы жылы басқа мерейтойларға арналған графикалық суреттер әзірлемек. Мәселен Жеңістің 75 жылдығы және Алтын Орданың 750 жылдығы сынды тарихи даталарды дәл осындай әдіспен насихаттау жоспарлануда.











Жоғары қарай