Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Талдықорғанда оқушыларды тасымалдайтын автобус апатқа ұшырап, 5 бала жараланды

2021 жылдың 24 мамыр 2021 19:25

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда оқушыларды тасымалдаған автобус көлік апатына түсіп, бес бала зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 8-16 жастағы оқушылар Алматы облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілген.

24 мамыр күні 08:30 шамасында оқушыларды тасымалдаған автобус көлік апатына түсті.

«Исузу» маркалы автобусты 60 жастағы жүргізуші тізгіндеген.

«Ол Амангелді көшесінде солға бұрылып, қарсы бағытта келе жатқан «Ауди» көлігіне жол бермеген. Салдарынан автобус «Мазда» көлігіне соғылған. Автобустағы 5 оқушы зардап шекті. Сондай-ақ «Ауди» көлігінің жүргізушісі және оның 56, 23 жастағы жолаушылары ауруханаға түсті» делінген ведомствоның хабарламасында.

Қазір аталған жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК 345-бабы 1 бөлігіне сәйкес соталды тергеу жүріп жатыр.








Жоғары қарай