Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Талдықорғанда пәтер өртеніп, 4 адам ауруханаға түсті

2021 жылдың 14 қаңтар 2021 17:49

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Талдықорғанда пәтер өртеніп, 4 адам ауруханаға түсті. Оның екеуі — 5 және 6 жастағы балалар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«14 қаңтарда сағат 11:27-де Алматы облысы ТЖД Талдықорған қаласы, «Мушелтой» шағынауданы, 28 үйдің төртінші қабатындағы пәтер өртенгені туралы хабарлама келіп түсті.

Алматы облысы ТЖД қызметкерлері жанып жатқан пәтерден 4 адамды құтқарды.Оның ішінде екі бала болды (1981 жылғы ер адам, 1984 жылғы әйел адам және 2015, 2019 жылғы екі бала), олар Талдықорған қаласындағы облыстық және көпсалалы балалар ауруханасына жатқызылды», - делінген Алматы облыстық ТЖ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сондай-ақ, ТЖД мамандары 15 адам, оның ішінде 8 баланы арнайы баспалдақпен эвакуациялады.





«Өрт сағат 20 минуттың ішінде сөндірілді. Қызыл жалын 15 шаршы метр аумаққа шарпыған. (жиһаз, теледидар және заттар жанған). Өрт сөндіру және адамдарды құтқаруға Алматы облысы ТЖД-нің 27 қызметкері мен 7 техникасы, Алматы облысы ПД-нің 10 қызметкері мен 4 техникасы, қаланың авариялық және шұғыл қызметтерлері жұмылдырылды.

«Өрттің шығу себебі темекі шегу кезінде отты абайсыз қолдану болды», - деп толықтырды ТДЖ баспасөз қызметінен.

Құтқарушылар азаматтардан өрт қауіпсіздігін сақтауды, жас балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауды және төсекте темекі шекпеуді ескертеді.






Жоғары қарай