Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Талдықорғанда пәтерді жалға берем деп елді алдаған күдікті  қолға түсті

2020 жылдың 27 қазан 2020 10:32

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда пәтерді жалға берем деп елді алдаған күдікті қолға түсті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысының Талдықорған қаласы ПБ Батыс ҚПБ кезекші бөліміне облыс орталығының 48 жастағы тұрғыны алаяқтың құрбаны болғаны туралы арыз берді.

«Белгісіз әйел Талдықорғанда «Қазақстан» көшесіндегі пәтерді жалға беремін деп оның ақшасын иемденді. Бір-екі күннен кейін Талдықорған қаласының 26 және 42 жастағы тағы екі тұрғыны осындай арызбен жүгінді. Олар да тұрғын үйді жалға алу үшін оған алдын ала төлем төлегендерін айтты», - деді Талдықорған қаласы ПБ Батыс ҚПБ бастығы полиция майоры Айдын Аденбаев.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары алаяқтық жасағаны үшін бірнеше рет жауапқа тартылған және сотталған Алматы облысының 23 жастағы тұрғыны Ирина Ким есімді күдіктіні анықтап, ұстады. Ол бұлтартпас айғақтардың арқасында жоғарыда аталған қылмыстарды жасағанын мойындады. Күдіктінің қаладағы элиталық аудандарда жалға берілетін арзан тұрғын үй туралы хабарландыру беріп, өз құрбандарын сайттан тапқаны белгілі болды. Пәтер құнының арзандығына қызығып, қоңырау шалған адамдарға қазір жолда екенін және келген соң пәтер кілтін тапсыратынын айтқан. Сондықтан, олардан пәтер төлемақысының алдын-ала төлемін банк картасына аударуын сұраған.





«Үш дерек бойынша ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі 3,4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті қамаққа алынды. Алаяқтың әрекетінен зардап шеккендердің барлығын 25-01-51 және 8 777 780 2313 телефондары бойынша хабарласуды сұраймын», - деп толықтырды полиция майоры Айдын Аденбаев.



Жоғары қарай