Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Талдықорғанда жылу тарифі төмендетілді

2021 жылдың 27 мамыр 2021 20:18

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорған қаласында жылудың тарифі төмендетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комитеттің Алматы облысы бойынша департаменті 2020 жылдың қорытындысы бойынша «Талдықорғанжылусервис» МКК-ның жылу энергиясын өндiру, беру, бөлу және онымен жабдықтау қызметтері тарифтік сметасының орындалуына талдау жүргізді.

«Талдау нәтижесінде, «Талдықорғанжылусервис» кәсіпорнын қайта қаржыландыру ставкасын ескере отырып, негізсіз табыс сомасы 155 411 862 теңге көлемінде негізделмеген пайда мөлшері анықталды», делінген хабарламада.

Осыған орай, департаменті 17 мамырдағы №82-НҚ бұйрығына сәйкес, «Талдықорғанжылусервис» кәсіпорнының бір жылға 7 250,54 теңге/Гкал (ҚҚС-сыз) мөлшерінде уақытша өтем тарифі бекітілді (бұрын қолданыстағы тариф 7 567,46 теңге/Гкал (ҚҚС-сыз)).

Яғни тариф 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі, төмендеу 4,19% деңгейінде болады.


Жоғары қарай