Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Талғарда кезекте тұрған азаматтарға 170 жалдамалы пәтер берілді

2020 жылдың 5 шілде 2020 12:41

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Астана күнін мерекелеу қарсаңында Алматы облысының Талғар қаласында тұрғын үйге кезекте тұрған азаматтарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін 170 пәтер тапсырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жалпы 170 пәтердің 61-і «Халықтың әлеуметтік осал топтары», 55-і «Көпбалалы отбасы», 34-і «Жетім балалар» және 20-сы «Мемлекеттік қызметкерлер және бюджеттік ұйым қызметкерлері» сынды бірнеше санат бойынша кезекте тұрған азаматтарға бөлінген.

Берілген пәтерлер Талғар ауданы әкімдігінің тапсырысы бойынша Талғар қаласының «Жаңа Талғар» ықшамауданында салынған.





Сонымен бірге құрылысы аяқталған тағы 170 пәтерлі 3 үй «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Осы алты үйдің құрылыс жұмыстарына мемлекеттік бюджеттен жалпы 3 млрд 135 млн теңге жұмсалды.

«Ауданымызда тұрғын үй алу кезегінде 4912 адам тұр. Қазіргі уақытта тұрғын үй жағдайын жақсартуда азаматтарды қолдау үшін шаралар кешені іске асырылуда. Осы жылы 340 пәтерлі 6 үйдің құрылысын аяқтап, қолданысқа бердік. Келесі жылы 9 қабатты 5 үйдің (360 пәтер) құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз», - деді Талғар ауданының әкімі Жолан Омаров.











Жоғары қарай