Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Талибан Кабулдан эвакуациялауды 31 тамызға дейін аяқтауды талап етті

2021 жылдың 25 тамыз 2021 08:35

НҰР-СҰЛТАН. Анадолы-ҚазАқпарат – Талибан қозғалысының өкілі Забибулла Муджахид Ауғанстаннан эвакуациялау процесі 31 тамызға дейін аяқталуы тиіс екенін мәлімдеді. АҚШ-пен жасалған келісім бойынша, аталған мерзімге шейін елден соңғы американдық сарбаз кетуі тиіс, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Кабулда өткен баспасөз мәслихатында тәліптер өкілі бұл мерзім ауыстырылмайтынын атап өтті.

Оның айтуынша, Ауғанстандағы жағдай қалыпқа келе жатыр, алайда Кабул әуежайындағы аласапыран ел үшін проблема болып отыр.

Муджахид Кабулда АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының директоры Уильям Бернстің Талибан қозғалысының көшбасшысының бірі Мулла Әбдулғани Бирадермен кездесуі жайында еш ақпаратты білмейтінін атап өтті.


Фото/ Анадолы


Басты сөздер: Әлем, АҚШ, Ауғанстан,
Жоғары қарай