Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Тараз орталығындағы дәмхана өртенді

2020 жылдың 29 шілде 2020 00:11

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз қаласының орталығындағы «Туркиш Донер» дәмханасы өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

28 шілде күні Тараз қаласының орталығына таяу Абай даңғылы бойындағы «Туркиш Донер» кафесінің шатырынан өрт шыққан. Жалын жалпы ауданы 100 шаршы метрді шарпыды. Бұл туралы Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.





«101» нөміріне сағат 11:35-те хабарлама келіп түсті. Өрт сөндіру бөлімшелері 6 минуттын ішінде оқиға орнына жетті. Өрт сөндірушілер келген сәтте іште ешкім болмаған. Жамбыл облысы полиция департаментінің сегіз қызметкері мен төрт техникасы өрт маңын қоршауға алды. Өрт сағат 12.01-де ауыздықталып, 12.09-да толық сөндірілді. Оған ТЖД жеке құрамның 19 қызметкері және 4 техника жұмылдырды», - делінген ведомство хабарламасында.

Қазір өрттің қалай шыққаны анықталып жатыр.











Жоғары қарай