Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Тараз полицейлері мен дәрігерлер дәріден уланған бүлдіршіннің өмірін құтқарды

2021 жылдың 13 маусым 2021 21:42

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараздық полицейлер дәрі-дәрмектен уланған бүлдіршінді құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бейтаныс әйел патрульдік экипаждардың біріне үрейленіп жүгіріп келеді. Бойын қатты қорқыныш билеген ол полицияға ұлының абайсызда дәрі-дәрмектерден уланғанын айтады. Баласының өміріне төнген қауіптен қорыққан ата-аналар үйге жедел жәрдем шақыруға уақыт жоғалтпай, ауруханаға өздері апаруға асыққан. Алайда уақыттың қарбалас кезі – көлік кептелесі оларға айтарлықтай кедергі келтірген.

Полиция қызметкерлері кішкентай пациентті құтқару үшін шұғыл шешім қабылдайды. Полицейлер көп ойланбастан дабыл белгісін қосып, кедергісіз дәлізді қамтамасыз етіп, көлікті дереу облыстық балалар ауруханасына жеткізеді. Дәрігерлер де баланы шұғыл бақылауға алған.

«Жол-бекет қызметінің полицейлері Бекжан Мейрқұлов пен Болат Садырбаевтың жедел әрекеттері мен кәсібиліктерін, адамгершіліктерін ерекше атап өткім келеді. Мұндай полицейлерге тек құрмет!», – деп жазды Тараз қаласының тұрғыны Instagram-дағы әлеуметтік парақшалардың бірінде.




Жоғары қарай