Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 447.67
EUR 491.36
RUB 5.74
CNY 63.07

Тараз соты мектеп дәретханасында оқушыны зорлаған қылмыскерге үкім шығарды

2020 жылдың 24 қаңтар 2020 14:23

ТАРАЗ. ҚазАқпарат –Жамбыл облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында мектеп дәретханасында оқушы қызды зорлау қылмысына қатысты 10 күндік сот отырысы аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат соттың баспасөз қызметіне сілтемемен.

Еске сала кетсек, былтыр 15 қараша күні Тараз қаласының «102» пультіне жедел жәрдем қызметінен жасөспірім қыздың зорланғаны туралы хабар түседі. Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК 120-бабының 4-бөлігі және 121-бабының 4-бөлігі бойынша жүргізілді. Көп ұзамай ауыр қылмыс жасады деген күдікпен ер адам ұсталды.

Қылмыс мектептің далада орналасқан дәретханасында жасалған. Күдіктіні ұстауға мектеп аумағындағы камералар көмектескен.

Сот зардап шегушінің жас ерекшелігін ескере отырып жабық режімде өтті. Сот барысында айыпталушы өз кінәсін толық мойындады.

Сотталушы – 38 жастағы Тараз тұрғыны, үйленбеген, бұған дейін осы тектес қылмыс жасағаны үшін сотты болған. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы, 4-бөлігі «Кәмелетке толмағанға қатысты сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық» және 120-бабы, 4-бөлігі «Кәмелетке толмағанға қатысты зорлау» бойынша кінәлі деп танылды. Сот жазаларды біріктіре отырып, 25 жылға бас бостандығынан айыру және химиялық кастрация жасау туралы үкім шығарды.

Сонымен қатар, сотталушы жәбірленуші тарапқа 5 миллион теңге көлемінде моральдық шығынды төлеуге міндеттелді.

Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің тапсырмасымен Жамбыл облысының полиция басқармасы мектептердегі оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі кемшіліктерді анықтау үшін жұмыс тобын құрды. Құқық қорғау және білім беру бөлімдерінің бірқатар қызметкерлері жазаға тартылды.


Жоғары қарай