Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Тараз тұрғыны жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрлаған қару-жарақтарды гаражына жасырған

2022 жылдың 20 қаңтар 2022 01:17

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз тұрғыны тәртіпсіздік кезінде ұрланған қару-жарақтарды гаражында сақтаған, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жедел іс-шараларды өткізу барысында Тараз қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері гараж кооперативтерінің бірінен ұрланған қару-жарақтарды сақтаған 24 жастағы қала тұрғынын ұстады. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Ұсталған адам қаруларды жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрлап, гараждың шұңқырына жасырғанын және кейіннен оны сатуға дайындағандығын мойындады. Күдіктіден барлығы 10 бірлік «Макаров» тапаншасы, төрт бірлік «Калашников» автоматы мен екі шулы граната тәркіленді»,-делінген ведомство хабарламасында.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Күдіктінің қалада болған тәртіпсіздіктер кезінде басқа да қылмыстық іс-әрекеттерге қатыстылығын анықтау жұмыстары жүріп жатыр.

Тәркіленген қару-жарақтарға қатысты арнайы сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды.


Жоғары қарай