Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 412.10
EUR 454.34
RUB 5.82
CNY 57.62

Таразда блок бекеттегі тәртіп сақшысын ұрған ер адам қамауға алынды

2020 жылдың 2 сәуір 2020 22:10

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Тараз қаласында төтенше жағдай кезінде тәртіп сақшысына қол жұмсаған ер адам қамалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1 сәуірде Байзақ ауданындағы блок бекетте короновирус пандемиясының таралуын болдырмау мақсатында көліктерді тексеру барысында, кезекшіліктегі Тараз қаласы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің инспекторы Алматы қаласы бағытындағы «Toyota Corolla» маркалы автокөлігін тоқтатқан. Аталған автокөліктегі жолаушы ер адам талапқа бағынбай, полиция қызметкеріне жарақат келтірген. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Тараз қаласының 34 жастағы тұрғыны полиция қызметкерінің төтенше жағдай талаптарына сәйкес, тиісті құжатсыз блок бекетінен өткізбей, шектеу қойғанына қарсы шығып, оның бетінен жұдырықпен ұрған. Күдікті кінәсін мойындап, ҚР ҚПК-нің 128-бабымен Тараздағы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұсталған ер адам бұрын бірнеше рет сотты болған», делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 379-бабы (төтенше жағдай жарияланған жерде билік өкілінің заңды талабына бағынбау) және 380-бабымен (билік өкіліне қарсы күш қолдану) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Жоғары қарай