Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Таразда пәтер кезегіндегі 90 отбасы баспаналы болды

2020 жылдың 4 маусым 2020 15:41

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Таразда Мемлекеттік рәміздер күні аясында пәтер кезегінде ұзақ жылдар бойы тұрған 90 адамға «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы бойынша салынған пәтер кілттері табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Пәтерлер жетім балалар, мүгедектер, толық емес және аз қамтамасыз етілген отбасылар, сонымен қатар әлеуметтік жағынан халықтың осал тобындағы басқа да санаттарға жататын азаматтарға берілді. 5 қабатты екі тұрғын үй Арай-2 шағынауданында орналасқан.

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев тұрғындарды қоныс тойымен құттықтады.

- Біздің елде қолжетімді баспана мәселесін шешуге айрықша көңіл бөлінуде. Өткен жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 2 мыңнан астам тараздық жаңа қоныс тойын тойласа, биыл облыс орталығын 50-ден астам көп пәтерлі тұрғын үй салу жоспарланған. Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген жаңа «5-10-20» бағдарламасы да мыңдаған отбасыларға баспана алуға мүмкіндік бермек. Мемлекеттік рәміздер күнімен қатар келген қоныс тойларыңыз құтты болсын! Шаңырақтарыңыз шаттыққа толы болып, береке-бірлігіміз арта берсін, - деді облыс әкімі.








Бұл күні қоныс тойын тойлағандардың қатарында Ауған соғысының ардагері Берік Торғайбековтің отбасысы да бар. Ол ұзақ жыл бойы пәтер жалдап тұрғанын айтып, мемлекеттік қолдау арқылы баспаналы болғандығын ағынан жарыла жеткізді.

Айта кетейік, ағымдағы жылы Тараз қаласында 54 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүруде. Осылайша, 3025 отбасын жеке баспанамен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Оның ішінде әлеуметтік аз қамтылған және көп балалы отбасылар санатындағы 1100 отбасы бар.

Бүгінгі таңда Тараз қаласы бойынша 18,6 мың адам тұрғын үй кезегінде тіркелген.














Жоғары қарай