Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Таразда полиция жоғалған 3 баланы тапты

2022 жылдың 16 сәуір 2022 04:00

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараздық полиция қызметкерлері үйлерінен өз еркімен шығып, жоғалып кеткен 3, 5 және 12 жастағы үш баланы тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биылғы жылдың 8 сәуірінде полицияға облыс орталығының 2 тұрғыны шағымданған. Әйелдер 5 және 3 жастағы ұлдарының үйден шығып кетіп, оралмағаны туралы хабарлаған. Жоғалған балалар бір-бірімен көрші тұрған.

Іздестіру нәтижесінде балалардың орналасқан жері анықталды, олар аман-есен, өмірлеріне ешқандай қауіп төнбеген. Балалар әртүрлі уақытта және қаланың әр жерінен табылған.

Алдын-ала берілген сауалнамаға сәйкес, 5 жасар бала ажырасып кеткен әкесінің туыстарына бармақ болған, ал бұл туралы анасына ескертпеген. Ал, 3 жасар бала серуеннен кейін үйіне оралғанда, есіктің құлыптаулы екенін көрген. Кіре алмай тұрған баланы байқаған көршісі оны ата-анасы келгенге дейін үйіне паналатқан және анасы баласын таппай, полицияға хабарласады деп күдіктенбеген.

Үшінші оқиға биылғы 11 сәуірде келіп түскен, ата-ана тұрмыстық мәселелерге қатысты 12 жастағы ұлымен жанжалдасып қалғанын, содан кейін ол үйден шығып кетіп, оралмағанын хабарлады. Кейінірек еріктілер мен полиция қызметкерлерінің көмегімен жасөспірім аман-есен Тараз қаласының саябағынан табылған.


Жоғары қарай