Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 379.75
EUR 415.18
RUB 5.78
CNY 54.19

Таразда рейд барысында 20 жезөкше анықталды

2019 жылдың 23 шілде 2019 22:37

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасы мен Тараз қаласының Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің өкілдері адам саудасы деректерін анықтау, болдырмау және алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Рейд барысында түнгі уақытта облыс орталығының көшелері, сауықтыру орталықтары, қонақ үйлер, сондай-ақ ойын-сауық орындары тексерілді, деп мәлімдеді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі.

«Іс-шара нәтижесінде Тараз қаласының көшелерінде және сауықтыру орталықтарында жезөкшелікпен айналысқан 20 азаматша анықталды. Олардың барлығы дактилоскопиялық сараптамадан өткізіліп, есепке алынды. Сонымен қатар, қыздармен профилактикалық бағытта әңгіме жүргізілді»,-делінген ведомства хабарламасында.

Жоғары қарай