Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Таразда «Тектұрмас» этно-тарихи кешенінің екінші кезеңі аяқталды

2021 жылдың 29 мамыр 2021 14:58

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Тарих тереңінен тамыр алатын, Шығыс шайырлары тамсана жырлаған Тараз қаласы құлпырып келеді. Көне шаһардың жаңа шырайын қалыптастырып, арттыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар ауқымды. Сол жұмыстардың жемісті нәтижелерінің бірі – «Тектұрмас» этно-тарихи кешені, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев нысанға арнайы барып, жұмыстармен танысты.

Талас өзені арқылы өтетін көпірден кешеннің кереметін көруге келетін қонақтар көп. Этнографиялық туризмді дамыту мақсатында салынған кешендегі ұлы Батыс түркі қағандарының бейнесі терең тарихи мазмұн беріп тұрғаны сөзсіз. Алыстан менмұндалаған Әулиеата ескерткіші де аңыздан сыр шертетін символикалық бейне ретінде көпшілік назарын аудартады.

Айталық, ғажайып архитектуралық шешімдермен сабақтаса отырып, Талас өзенінің бойын жағалай салынған «Көне қамал» келушілерге ерекше әсер сыйлайды.




«Көне Тараз» этномәдени кешені, «Тектұрмас» этно-тарихи кешенінің жұмыстары 2018 жылдан бері бұрынғы өңір басшысы Асқар Исабекұлының бастамасымен басталған. Ол бірінші кезең болса, біз соны жалғастыра түстік. Мынау екінші кезеңі. Әрі қарай үшінші кезең бойынша да жоспарлы жұмыстар атқарылатын болады. Жібек жолының тарихы, тарихи шайқастар, өңірімізде туы тігілген Қазақ хандығы, тәуелсіздік жылдарындағы маңызды оқиғалар... Осының бәрін біз осы кешен арқылы қонақтарға таныта түспекпіз. Халықтың жаяу аралауы үшін жағдай жасалады. Ең негізгісі әрине, болашақ ұрпаққа тарихымызды жеткізуіміз керек. Осындай кешен арқылы да біз өткеніміз туралы олардың саналарына сіңіре аламыз,-деді Бердібек Сапарбаев.

Жалпы, «Тектұрмас» этно-тарихи кешенінд




егі «Көне Тараз» нысанындағы жағалаудың ұзындығы 1423 метрді құраса, қоршап тұратын қорғанның ұзындығы 220 метр. Нысанға кірген кездегі оң жақ қабырғасы жасанды тастармен көмкеріліп, көне түркі жазулары, петроглифтер салынған. Нысанның кіре берісінен жағалаудың соңына дейін сан түрлі түстегі самаладай жарқырайтын шамдармен көмкерілген 86 аралық ағаш баспалдақ орналасқан.




«Біздің негізгі мақсатымыз – Тараз қаласының тарихи мүмкіндіктерін пайдалана отырып, туризмді дамыту. Ол үшін Әулиеата жеріндегі тарихи ескерткіштерді қалпына келтіріп, ең біріншіден, өзіміздің жерлестерімізге, екіншіден, өзге өңірлерден келетін қонақтарға танытуымыз керек. Сондай-ақ, биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы. Осыған орай біздің өңірімізде де көптеген жобалар жүзеге асуда. Мерейтой тек аста-төк шаралармен емес, тағылымы мол, тұрғындарды бірлікке, ынтымаққа, достыққа шақыратын игі істермен ерекшеленуі маңызды. Мәселен біз былтырдан бастап, өңірімізде «Асарлатып үй салу» жобасын жүзеге асырып жатырмыз. Ондағы мақсат – елді мекендерде тұратын жастардан бастап, ақсақалға дейін ұлтына қарамастан біріктіріп, сол ауылдардағы аз қамтылған көп балалы отбасыларға асарлатып үй салып беру. Өткен жылы біз 99 үй салдық. Биыл соны әрмен қарай жалғастырып, ең кем дегенде 170-180 үйге жеткізсек дейміз»,-деді аймақ басшысы.














Жоғары қарай